Ст. 36-1 Ақша төлемi мен аударымы туралы 1998 жылғы 29 маусымдағы N 237
Действующий аналог
Төлемдер және төлем жүйелері туралыАқша төлемi мен аударымы туралы
36-1-бап. Электрондық ақшаны шығару және өткізу
1. Электрондық ақша шығаруды эмитент өзіне қабылдайтын міндеттемелердің номиналдық құнына тең ақша сомасында жеке тұлғалардан немесе агенттерден ақша алғаннан кейін растама бере отырып, жүзеге асырады.Эмитент өзі шығарған электрондық ақшаны оның теңгедегі номиналдық құнына сәйкес өтеу жөнінде шартсыз және қайтарылмайтын ақшалай міндеттеме қабылдайды.
2. Эмитент электрондық ақшаны шығару кезінде комиссиялық сыйақы, сондай-ақ шарттың талаптарына сәйкес эмитент көрсететін қосымша қызметтер үшін ақы алуға құқылы.
3. Мыналар:
1) эмитенттен, агенттен немесе өзге де жеке тұлғалардан электрондық ақша алған жеке тұлғалар;
2) агенттер;
3) азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша төлемақы ретінде жеке тұлғалардан электрондық ақша алған дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар электрондық ақша иелері болып табылуы мүмкін.
Электрондық ақша иесінің құқықтары электрондық ақшаны алған сәттен бастап туындайды.
4. Электрондық ақша эмитентінің және иесінің – жеке тұлғаның арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес олардың арасында жасалған шарт негізінде туындайды.
5. Эмитент пен жеке тұлға арасында жасалатын шартта:
1) эмитенттің атауы, орналасқан жері және банктік деректемелері;
2) электрондық ақша шығару не сатып алу талаптары;
3) электрондық ақшаны пайдалану үшін белгіленетін шектеулерді қоса алғанда, электрондық ақшаны пайдалана отырып операцияларды жүзеге асыру талаптары;
4) электрондық ақша иесінің электрондық ақшаны пайдалана отырып, операциялар жүргізуге арналған құқықтарын куәландыру тәртібі;
5) иесінің электрондық ақшаны өтеуге ұсыну тәртібі мен тәсілдері және оны өтеу тәртібі;
6) операцияларды жүргізу үшін электрондық ақшаны пайдалану кезінде электрондық ақша эмитенті және иесі арасында ақпарат алмасу тәртібі, оның ішінде эмитентке электрондық тасығыштың жоғалғаны немесе оны уәкілетті емес тұлғаның пайдаланғаны туралы хабарлау тәртібі мен мерзімдері;
7) электрондық ақша иесінің электрондық ақшаны пайдалану жөніндегі өтінішін қарау тәртібі, сондай-ақ электрондық ақшаны пайдалану кезінде туындайтын дауларды шешу тәртібі;
8) комиссиялық сыйақы төлеу, сондай-ақ қосымша қызметтер көрсеткені үшін ақы төлеу мөлшері және тәртібі;
9) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
10) тараптардың өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жауапкершілігі;
11) шартты өзгерту және бұзу тәртібі, сондай-ақ оны қолдану мерзімі қамтылуы тиіс.
Тараптардың келісімі бойынша шартқа өзге де талаптар енгізілуі мүмкін.
6. Эмитент тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерінен асатын сомаға электрондық ақша шығарылған жағдайда электрондық ақша иесін сәйкестендіруді жүзеге асыруға міндетті.
Электрондық ақша иесі – жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат ұсынылады.
7. Эмитенттер Қазақстан Республикасының аумағында шығаратын электрондық ақша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ғана номиналдануы (көрсетілуі) тиіс.
8. Жеке тұлғаларға электрондық ақшаны өткізуді не жеке тұлғалардан электрондық ақшаны сатып алуды тараптардың құқықтары мен міндеттері, электрондық ақшаны өткізу және сатып алу тәртібі мен талаптары айқындалатын эмитентпен жасалған шарт негізінде агент жүзеге асырады.
9. Эмитенттің өзі не эмитентпен жасалған тиісті шарттың негізінде өзге де заңды тұлға оператор болуы мүмкін.
Эмитент қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, өзімен тиісті шарттар жасасқан операторлар туралы мәліметтер жіберуге міндетті.
10. Эмитент операторға электрондық ақша иелерімен, оның ішінде агенттермен эмитенттің атынан және оның тапсырмасы бойынша шарттар жасасуға уәкілеттік беруге құқылы.
11. Иелері мен оларға тиесілі электрондық ақша сомалары туралы мәліметтерді, сондай-ақ электрондық ақшаны пайдаланып жасалған операциялар туралы мәліметтерді эмитент тұлғаларға «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабында көзделген негіздер бойынша және шекте береді.
Ескерту. 36-1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 N 466-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 № 538-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 10.06.2014 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
Жан
Нурман
Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»
Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?
Приговор был такой:
………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.
Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.
Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.
Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?
Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей