Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 37 Ақша төлемi мен аударымы туралы 1998 жылғы 29 маусымдағы N 237


Утратил силу

Ақша төлемi мен аударымы туралы
37-бап. Ақша төлемi мен (немесе) аударымын жүзеге асыру ережелерiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

1. Ақша төлемi мен (немесе) аударымына қатысушылар ақша төлемi мен (немесе) аударымына байланысты мiндеттемелердi орындамаған немесе тиiстi дәрежеде орындамаған жағдайда, олар осы қатынастарға қатысушылар арасында жасалған шартта және (немесе) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген негiздер бойынша, тәртiппен және мөлшерде жауап бередi.

2. Егер ақша аударымы аяқталмаған болса, осының алдындағы жөнелтушiнiң алынған нұсқауды орындамаған не тиiстi дәрежеде орындамаған банк (оның iшiнде делдал банк) оның алдында жауап бередi. Бұл орайда ақша жөнелтушi ақша аударымы жөнiндегi мiндеттемелерiн орындаған күннiң өзiнде, егер ақша жөнелтушi мен бенефициар арасындағы азаматтық-құқықтық мәмiле шарттарында өзгеше көзделмеген болса, ақша жөнелтушiнiң азаматтық-құқықтық мәмiле жөнiндегi төлем бойынша бенефициар алдындағы мiндеттерi тоқтатылмайды. Егер ақша аудару бенефициар банкiнiң кiнәсiнен аяқталмаған болса, ақша жөнелтушi азаматтық-құқықтық мәмiле жөніндегi төлем бойынша бенефициар алдында жауапты болмайды.

3. Егер ақша аударымын жасау ережелерiн бұзу ақша төлемi мен (немесе) аударымына қатысушының өзгенiң ақшасын заңсыз пайдаланумен, сондай-ақ акцептiң немесе нұсқаудың орындалу мерзiмiн бұзуымен байланысты болса, мұндай қатысушы кiмнiң ақшасын заңсыз пайдаланса сол адамға Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген айыпақы төлеуге мiндеттi.

4. Егер алушы банк төлем жасалған кезде қорғау iс-әрекетiнiң тәртiбiн сақтамаса, бiрақ бенефициар ақшаны:

1) ақша аударымы туралы тапсырмада немесе талапта көрсетiлгендей;

2) бенефициар үшiн қолайлы мерзiмде;

3) ақша аударымы туралы бұйрықта көрсетiлген сомада алған жағдайда;

4) және бұл орайда ақша жөнелтушiге де, бенефициарға да залал (зиян) келтiрiлмесе, алушы банк ол үшiн жауап бермейдi.
Статья 1 ...36‑1 36‑2 37 38 39 ...41

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться