Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 38 Ақша төлемi мен аударымы туралы 1998 жылғы 29 маусымдағы N 237


Утратил силу

Ақша төлемi мен аударымы туралы
38-бап. Белгiсiз мерзiмде орындалуға тиiстi нұсқаулар

1. Ақша жөнелтушiде банкте нұсқауды орындау үшiн қажеттi ақша сомасы болмаған не жеткiлiксiз болған жағдайда, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, алушы банк:

1) ақша жөнелтушi мен алушы банктiң арасындағы шартта;

2) заң актiлерiнде және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген жағдайларда ғана алынған нұсқауларды қабылдауға және оларды орындау үшiн жеткiлiктi ақша сомасы ақша жөнелтушiнiң немесе алушы банктiң банк шотына түскенге дейiн бiр жыл бойы сақтауға мiндеттi.

1-1. Бенефициар Қазақстан Республикасының валюталық заңдарында көзделген қажетті құжаттар мен мәліметтерді беру жөніндегі іс-әрекеттерді жасамаған жағдайда алушы банк жөнелтушінің алынған нұсқауларын қабылдауға және 180 күнтізбелік күн бойы сақтауға міндетті.

Бенефициар осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді орындамаған жағдайда, алушы банк күнтізбелік 180 күн ішінде мұндай нұсқауды оны жөнелтушіге орындамай қайтаруға міндетті.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген нұсқауларды алушы банк Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген нұсқауларды орындау кезектiлiгiн сақтауды ескере отырып, олардың алушы банкке түсу тәртiбiнде күнтiзбелiк кезектiлiкпен орындайды. Күнтiзбелiк кезектiлiк алушы банкке нұсқаулардың түсу күнi мен уақытын көздейдi.

3. Осы банктің 1-тармағында көзделген нұсқауларды орындаған кезде, акцептiң күнi мен уақыты алушы банктiң мұндай нұсқауларды орындау күнi мен уақыты болып табылады.

4. Егер осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін жөнелтушінің ұсынған нұсқауы жөнелтушіде ақшаның жетіспеуінен орындалмаса, онда алушы банк инкассалық өкімді қоспағанда, осындай нұсқауды орындамастан жөнелтушіге қайтаруға міндетті.

5. Қайта құрылымдау жоспарында көзделген шаралар кешенін жүзеге асыруға байланысты банкті қайта құрылымдау кезеңінде алушы банк қайта құрылымдау тоқтатылғанға дейін банктің олар бойынша міндеттемелерін тоқтата тұрған және қайта құрылымдау жоспарында бар нұсқауларды қабылдауға және сақтауға міндетті. Банкті қайта құрылымдау тоқтатылған жағдайда алушы банк мұндай нұсқауды орындамастан, оны жөнелтушіге қайтарып беруге міндетті.

Олар бойынша міндеттемелері тоқтатыла тұрмаған және қайта құрылымдау жоспарына кірмеген нұсқаулар осы Заңда, Қазақстан Республикасының Салық және Азаматтық кодекстерінде белгіленген тәртіппен орындалады.

Ескерту. 38-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.12.28 N 336, 2000.03.29 N 42, 2003.03.13 N 394, 2003.05.08 N 411, 2003.07.09 N 482, 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...36‑2 37 38 39 40 41

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться