Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Ақша төлемi мен аударымы туралы

Ақша төлемi мен аударымы туралы
6-бап. Банк шоттары



Ст. 6 Ақша төлемi мен аударымы туралы 1998 жылғы 29 маусымдағы N 237



1. Банк шоты - банк пен клиент арасында ақша қабылдау және (немесе) клиентке банктiк қызмет көрсету жөнiндегi шарттық қатынастарды көрсету тәсiлi.

Банк шоттары банк пен клиент арасында банк шотының шарты және (немесе) банктiк салым шарты жасалған кезде ашылады.

1-1. Банкке:

1) клиентіне «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 581-бабының 13) тармақшасында көзделген негіздер бойынша және жағдайларда жаңа банк шотын ашуға;

2) әрекетсіз салық төлеушілерге банк шотын ашуға;

3) анонимдік банк шоттарын немесе ойдан шығарылған аттарға банк шоттарын ашуға тыйым салынады.

2. Банк шоттары жеке және заңды тұлғалардың, заңды тұлғалардың оқшауланған бөлiмшелерiнiң ағымдағы және жинақ шоттары, сондай-ақ банктердiң корреспонденттiк шоттары болып бөлiнедi.

2-1. Ағымдағы шот - банк шотының шарты негiзiнде банктiң клиентке ашатын банк шоты, ол бойынша:

1) клиент ақшасының болуын қамтамасыз етуге және банктiң оны пайдалануына;

2) клиенттiң пайдасына ақша қабылдауға (есептеуге);

3) банк шотының шартында көзделген тәртiппен үшiншi тұлғалардың пайдасына ақша аудару туралы клиенттiң өкiмiн орындауға;

4) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде және (немесе) шартта көзделген негiздер бойынша клиенттiң ақшасын алып қою туралы үшiншi тұлғалардың өкiмiн орындауға;

5) банк шотының шартында белгiленген тәртiппен клиенттен қолма-қол ақша қабылдауды және оған берудi жүзеге асыруға;

6) банк шотының шартында айқындалған мөлшерде және тәртiппен сыйақы төлеуге;

7) клиенттiң талап етуi бойынша банк шотының шартында көзделген тәртiппен клиенттiң банктегi ақшасының сомасы және жасалған операциялар туралы ақпарат беруге;

8) клиентке шартта, Қазақстан Республикасының заңдарында және банк тәжiрибесiнде қолданылатын iскерлiк айналым дағдыларында көзделген өзге де банктiк қызмет көрсетудi жүзеге асыруға байланысты операциялар орындалады.

 Жинақ шоты - банк салымының шарты негiзiнде:

1) клиентке тиесiлi ақшаның (салымның) болуын қамтамасыз етуге және банктiң оны пайдалануына;

2) клиенттен немесе үшiншi тұлғалардан ақшаны қолма-қол да, қолма-қол емес те тәсiлмен қабылдауды жүзеге асыруға;

3) банк салымының шартында айқындалған мөлшерде және тәртiппен сыйақы төлеуге;

4) клиентке ақшаны (салымды) банк салымы шартында және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген талаптармен, оның iшiнде оны клиенттiң басқа банк шотына аудару жолымен қайтаруға;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында және (немесе) шартта көзделген негіздер бойынша үшінші тұлғалардың клиенттің ақшасын алып қою туралы өкімін орындауға байланысты операцияларды орындау үшiн банктiң клиентке ашатын банк шоты.

 Корреспонденттiк шот - корреспонденттiк шот шарты бойынша банкке басқа банктен ашылған, банктiң және оның клиенттерiнiң банк операциялары жүзеге асырылатын банктiк шот.

3. Осы баптың 2-1-тармағында аталған операцияларды жүргiзуге болмайтын шоттар, сондай-ақ банктердегi бухгалтерлiк есептiң позицияларын көрсететiн шоттар, баланстық шоттардың құрамдас бөлiктерi болып табылатын жеке шоттар (қосалқы позициялар), соның iшiнде несие шоттары банк шоттары болып табылмайды.

4. Клиенттердiң банктегi ақшасынан өндiрiп алынатын жағдайда, мұндай өндiрiп алу клиенттердiң банк шоттарынан ғана жүргiзiледi.

Банктердiң корреспонденттiк шоттарындағы ақшаны өндiрiп алу банктердiң өз мiндеттемелерi бойынша ғана жүргiзiледi.

Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2000.03.29 N 42, өзгерістер енгізілді - 2003.07.09 N 482, 2005.07.08 N 69, 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.11 N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...41 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 6-бап Ақша төлемi мен аударымы туралы 1998 жылғы 29 маусымдағы N 237