Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Ақша төлемi мен аударымы туралы
7-бап. Ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру тәсiлдерi



Ст. 7 Ақша төлемi мен аударымы туралы 1998 жылғы 29 маусымдағы N 237



1. Қазақстан Республикасының аумағында ақша төлемi мен аударымын жүзеге асырудың мынадай тәсiлдерi қолданылады:

1) қолма-қол ақшаны табыстау;

2) төлем тапсырмаларын көрсету;

3) чектер беру;

4) вексельдер беру немесе оларды индоссамент бойынша табыстау;

5) төлем карточкаларын (оның iшiнде микропроцессорлық төлем карточкаларын) пайдалану;

5-1) электрондық ақшаны беру;

6) банк шотын тiкелей дебеттеу;

7) төлемдiк талап-тапсырмаларды көрсету;

8) инкассалық өкiмдердi көрсету;

9) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де тәсiлдер.

2. Ақша төлемi мен (немесе) аударымын жүзеге асыру тәсiлдерiн қолдану ережелерi мен ерекшелiктерi және нұсқаулардың мазмұнына қойылатын негiзгi талаптар заң актiлерiнде және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.

Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.07.09 N 482, 2011.07.21 № 466-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...41 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Ақша төлемi мен аударымы туралы 1998 жылғы 29 маусымдағы N 237 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 7-бап Ақша төлемi мен аударымы туралы 1998 жылғы 29 маусымдағы N 237