Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 58 Төлемдер және төлем жүйелері туралы 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Төлемдер және төлем жүйелері туралы
58-бап. Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

1. Көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер нұсқауда көрсетілгеннен басқа бенефициардың пайдасына немесе нұсқауда көрсетілгеннен басқа сомаға жасалған төлем және (немесе) ақша аударымы бойынша нұсқаудан негізсіз бас тартқаны немесе оны уақтылы орындамағаны не нұсқауды тиісінше орындамағаны үшін төлемге және (немесе) ақша аударымына қатысушылар өздерінің арасындағы шартта және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген негіздер бойынша, тәртіппен және мөлшерлерде жауаптылықта болады. 

Клиенттердің төлем құжаттарын жоғалтқаны үшін банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген негіздер бойынша, тәртіппен және мөлшерлерде жауапты болады. 

Осы Заңда бас тарту көзделген жағдайларда төлем және (немесе) ақша аударымы бойынша нұсқауларды орындағаны үшін банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген негіздер бойынша, тәртіппен және мөлшерлерде жауапты болады. 

Клиенттің банктік шотынан ақша алудың Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілігін бұзғаны үшін банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген негіздер бойынша, тәртіппен және мөлшерлерде жауапты болады.  

Төлем агенттері және (немесе) қосалқы төлем агенттері арқылы төлем қызметтерін көрсеткен кезде осы Заңда белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген негіздер бойынша, тәртіппен және мөлшерлерде жауапты болады. 

Өзіне қабылдаған міндеттемелер сомасына сәйкес келмейтін сомаға электрондық ақша шығарғаны үшін, сондай-ақ электрондық ақша иесін сәйкестендірмей елу айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға электрондық ақша шығарғаны үшін, сондай-ақ бір операцияның ең жоғары сомасы, электрондық ақшаны электрондық әмиянда сақтау сомасы және электрондық әмиян арқылы пайдаланылған электрондық ақшаның жалпы сомасы бойынша белгіленген шектеулерден асатын сомаға операциялар жасаған кезде электрондық ақша жүйесінде электрондық ақшаны пайдалануға жол бергені үшін электрондық ақша эмитенті Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген негіздер бойынша, тәртіппен және мөлшерлерде жауапты болады. 

Азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша ақы төлеген кезде дара кәсіпкер немесе заңды тұлға жеке тұлғалардан алған электрондық ақшаны эмитенттің өтемегені, уақтылы және толық өтемегені үшін электрондық ақша эмитенті Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген негіздер бойынша, тәртіппен және мөлшерлерде жауапты болады. 

Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін жүзеге асыру кезінде (жұмыстарды орындау, қызмет көрсету кезінде) төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді және (немесе) аударымдарды қабылдауға міндетті дара кәсіпкерлердің немесе заңды тұлғаның оларды қабылдаудан бас тартқаны үшін және (немесе) дара кәсіпкерлерде және заңды тұлғаларда төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болмағаны үшін осы Заңның 25-бабының 11-тармағында көрсетілген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген негіздер бойынша, тәртіппен және мөлшерлерде жауапты болады. 

Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтерді не төлемдер және (немесе) ақша аударымдары, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының жұмыс істеуі мәселелері бойынша өзге есептілікті белгіленген мерзімде ұсынбағаны үшін, сондай-ақ банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша төлемдер және ақша аударымдары лимитін бірнеше мәрте (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) бұзғаны үшін не көрсетілген лимиттің орындалғаны туралы мәліметтердің бұрмалануына әкелген есептілікті жасағаны үшін банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен және мөлшерлерде жауапты болады. 

2. Егер нұсқау орындалмаса, онда алдыңғы жөнелтушіден алынған нұсқауды орындамаған немесе тиісінше орындамаған көрсетілетін төлем қызметтерін беруші (оның ішінде делдал банк) оның алдында жауаптылықта болады. Егер ақша аударымы бенефициар банкінің кiнәсiнен орындалмаса, ақша жөнелтуші азаматтық-құқықтық мәміле бойынша бенефициардың алдында төлем бойынша жауаптылықта болмайды. 

3. Егер ақша аударымдарын жасау қағидаларын бұзу төлемге және (немесе) ақша аударымына қатысушының басқаның ақшасын құқыққа сыйымсыз пайдалануымен байланысты болса, мұндай қатысушы ақшасын құқыққа сыйымсыз пайдаланған тұлғаға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тұрақсыздық айыбын төлейді. 

4. Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші, егер ол төлемді жүзеге асыру кезінде қорғау әрекеттерінің тәртібін сақтамаса, бірақ бұл ретте бенефициар ақшаны: 

1) нұсқауда айқындалған; 

2) бенефициар үшiн қолайлы мерзiмде; 

3) нұсқауда айқындалған сомада алса; 

4) егер ақша жөнелтушiге де, бенефициарға да нұқсан (залал) келтiрiлмесе, жауаптылықта болмайды. 

5. Мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою туралы актілерді, уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімдерін және (немесе) өкімдерін, банктік шот бойынша ақшаға тыйым салу туралы актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы сотының ақшаны өндіріп алу туралы сот актілерін, сот орындаушысының банктік шоттардың нөмірлері және оларда ақшаның бар-жоғы туралы ақпаратты, банктердегі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарындағы мүліктің сипаты мен құны туралы мәліметтерді талап ету және оларға тыйым салу туралы қаулыларын бұзғаны не орындамағаны үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген негіздер бойынша, тәртіппен және мөлшерлерде жауаптылықта болады. 

Ескерту. 58-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 359-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...56 57 58 59 60

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться