Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 42 Почта туралы 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 498-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Почта туралы
42-бап. Тағайындалған оператор

1. Уәкілетті орган операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу қағидаларына сәйкес пошта қызметтерін пайдалануды және Дүниежүзілік пошта одағының актілерінен туындайтын, өзіне қатысты міндеттемелердің Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындалуын қамтамасыз ету мақсатында пошта операторын тағайындалған оператор етіп тағайындауды жүзеге асырады. 

2. Тағайындалған оператор: 

1) Қазақстан Республикасының аумағындағы, оның ішінде шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы барлық елді мекендерде пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың барлығы үшін пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін тұрақты негізде көрсетуді; 

2) жазбаша хат-хабарды қабылдауды, өңдеуді, тасымалдауды және жеткізуді; 

3) салмағы жиырма килограмға дейінгі жіберілімдерді қабылдауды, өңдеуді, тасымалдауды және жеткізуді; 

4) жауап қайтарылатын халықаралық коммерциялық хат-хабарды қайтаруды; 

5) төлемге халықаралық қайтарым купонын қабылдауды; 

6) Дүниежүзілік пошта одағына мүше басқа да елдердің тағайындалған операторларының халықаралық пошта жөнелтілімдерінің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитін қамтамасыз етуге міндетті. 

3. Тағайындалған оператор Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне және осы Заңға сәйкес пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін жүзеге асырады. 

4. Тағайындалған оператор Дүниежүзілік пошта одағының актілерінен және осы баптың 1-тармағынан туындайтын міндеттемелерді орындамаған кезде, уәкілетті орган пошта операторынан тағайындалған оператордың өкілеттігін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кері қайтарып алады. 

5. Тағайындалған оператор Дүниежүзілік пошта одағының актілерінен туындайтын міндеттемелерді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында, оның ішінде шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағында халықаралық пошта алмасу орындарын құрады. Тағайындалған оператор халықаралық пошта алмасу орындарының қажетті санын, сондай-ақ олардың жұмыс істеу тәртібін айқындайды. 

Тағайындалған оператор Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде халықаралық пошта жөнелтілімдерін алмасу және өңдеу орындарын құруға құқылы және мұндай қызметті Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде және халықаралық пошта жөнелтілімдерін алмасу және өңдеу орны құрылатын шет мемлекеттің заңнамасында көзделген шарттарда жүзеге асырады. 

Ескерту. 42-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.04.2019 № 243-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...40 41 42 43 44 ...46

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться