Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы
10-бап. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар



Ст. 10 Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы 2002 жылғы 11 шілдедегі N 343



1. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдауды, айғақтамаларын анықтауды, оларға білiм берудiң түрi мен нысандарын айқындауды, оларды оңалтудың жеке бағдарламасын жасау мақсатында диагностика және психологиялық-медициналық-педагогикалық тексерудi жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер болып табылады.

Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қызметiн ұйымдастыру азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы және халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органдармен келiсе отырып бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн ережелермен айқындалады.

2. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар кемтар балаларды арнаулы түзеу ұйымдары мен басқа да ұйымдарға медициналық, арнаулы бiлiм және арнаулы әлеуметтiк қызметтердi алуы үшiн ата-аналарының және өзге де заңды өкiлдерiнiң келiсiмiмен ғана жiбередi.

Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...19 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы 2002 жылғы 11 шілдедегі N 343 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 10-бап Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы 2002 жылғы 11 шілдедегі N 343