Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Саяси партиялар туралы

Саяси партиялар туралы
12-бап. Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар



Ст. 12 Саяси партиялар туралы 2002 жылғы 15 шілдедегі N 344



Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдарының сақталуына, сондай-ақ саяси партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) қызметiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiгiн бақылауды:  

1) саяси партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) саяси партия мүшелерiнiң қажеттi саны бар екендiгiн растайтын құжаттарын берудi талап ету немесе оларға қол жеткiзу құқығы бар тiркеушi органдар;  

2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары; 

3) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда басқа мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.

Азаматтардың саяси партия құру жөнiндегi бастамашылық тобының, саяси партия мүшелерi тiзiмдерiнiң дұрыстығын, осы Заңның 6-бабы 1-тармағының, 8-бабының, 10-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келуiн тексерудi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртіппен тиiстi мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005 жылғы 8 шілдедегі № 67-ІІІ (Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...22 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 12-бап Саяси партиялар туралы 2002 жылғы 15 шілдедегі N 344