Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Саяси партиялар туралы

Саяси партиялар туралы
4-бап. Мемлекет және саяси партиялар



Ст. 4 Саяси партиялар туралы 2002 жылғы 15 шілдедегі N 344



1. Мемлекет саяси партиялардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi.  

2. Мемлекеттiң саяси партиялардың iстерiне және саяси партиялардың мемлекет iстерiне заңсыз араласуына жол берiлмейдi. Саяси партияларға мемлекеттiк органдардың функцияларын жүктеуге де жол берiлмейдi.  

3. Азаматтардан кез келген нысанда, оның iшiнде ресми құжаттарда да, қандай партияға жататынын көрсетудi талап етуге тыйым салынады.  

4. Парламент депутаттарының, мемлекеттiк қызметшiлердiң саяси партиялардағы ақы төленетiн қызметтерде болуына құқығы жоқ.  

5. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдық мiндеттерiн атқару кезiнде Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялар мен олардың органдарының шешiмдерiмен байланысты болмайды.  

6. Саяси партиялардың тұрақты жұмыс істейтін органдарында қызмет атқаратын адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамасы қолданылады.

Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.05.15. № 253 Заңымен.

Статья 1 2 3 4 5 6 ...22 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 4-бап Саяси партиялар туралы 2002 жылғы 15 шілдедегі N 344