Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Саяси партиялар туралы

Саяси партиялар туралы
7-бап. Саяси партияның атауы мен рәмiзi



Ст. 7 Саяси партиялар туралы 2002 жылғы 15 шілдедегі N 344



1. Саяси партияның атауында "саяси партия" немесе "партия" деген сөздер болуға тиiс, оларды саяси партиялардың атауында ғана пайдалануға жол берiледi.

Саяси партияның толық және қысқартылған атауы мен оның рәмiзi мемлекеттiк органдардың, Қазақстан Республикасында тiркелген саяси партиялардың және қоғамдық ұйымдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарын бұзушылыққа байланысты таратылған саяси партиялардың және қоғамдық ұйымдардың атауы мен рәмiзiн толық немесе олардың елеулi бөлiгiн қайталамауға тиiс.
   

2. Саяси партияның атауында ұлттық, этникалық, дiни, аймақтық, қауымдық және гендерлiк белгiлердi көрсетуге, оның лидерлерiнiң, тарихи тұлғалардың есiмдерi мен фамилияларын пайдалануға жол берiлмейдi.  

3. Саяси партияның өз рәмiзi ретiнде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң мемлекеттiк нышандарын пайдалануға құқығы жоқ.  

4. Саяси партия рәмiз ретiнде эмблемаларды, туларды, гимндердi, вымпелдердi, значоктарды пайдалануға құқылы.  

5. Саяси партияның рәмiзi Конституцияға қарсы және заңға қарсы мақсаттарды насихаттауға қызмет етпеуге тиiс.  

6. Саяси партия рәмiзiнiң сипаттамасы мен эскиздерi жарғыда болуға тиiс.

Ескерту. 7-бапқа өзгертулер енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 67-ІІІ Заңымен (Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009 жылғы 6 ақпандағы № 122-IV (Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...22 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 7-бап Саяси партиялар туралы 2002 жылғы 15 шілдедегі N 344