Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететiн арнаулы мекемелерде ұстау тәртiбi мен шарттары туралы
17-бап. Қорғаушыларымен, туыстарымен және өзге де адамдармен жолығысулар



Ст. 17 Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететiн арнаулы мекемелерде ұстау тәртiбi мен шартта 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І



1. Сезіктілер мен айыпталушыларға қамауға алынған кезден бастап қорғаушымен оңаша және құпия жолығысуға мүмкіндік беріледі. Жолығысулардың саны мен ұзақтығына шек қойылмайды. 

Мынадай жағдайларда:  

1) адвокатураға қатыстылығын растайтын құжатын және адвокаттың нақты істі жүргізуге өкілеттігін куәландыратын ордерінің екінші данасын көрсетуі бойынша - қорғаушы ретінде іске қатысушы адвокатпен;  

2) қорғаушы болып тағайындалғаны туралы қоғамдық бірлестіктің немесе оның басшы органының тиісті шешімін көрсетуі бойынша - қорғаушылар болып табылатын кәсіптік одақтардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен;  

3) соттың қаулысын, тергеушінің немесе анықтаушының қаулысын, сондай-ақ өзінің жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі бойынша - қорғаушылар ретінде іске қатысушы өзге де адамдармен жолығуға рұқсат беріледі.  

2. Сезіктілер мен айыпталушыларға қылмыстық істі жүргізуші адамның немесе органның жазбаша рұқсаты негізінде туыстарымен және өзге де адамдармен жолығысуға айына әрқайсысының ұзақтығы үш сағатқа дейін екі реттен аспайтын, ал кәмелетке толмағандарға - үш реттен аспайтын рұқсат берілуі мүмкін.  

3. Туыстарымен және өзге де адамдармен жолығысу күзетте ұстау орындары қызметкерлерінің бақылауымен жүзеге асырылады. Қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтауға кедергі келтіруі немесе қылмыс жасауға жәрдемдесуі мүмкін тыйым салынған нәрселерді, заттар мен тамақ өнімдерін не мәліметтерді сезікті мен айыпталушыға беруге әрекет жасалған жағдайда жолығысу мезгілінен бұрын тоқтатылады.  

4. Егер заңдарға қайшы келмейтін болса, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының шешімі бойынша өзі өкілі болып табылатын мемлекеттің сезікті немесе айыпталушы шетелдік адамына шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері ресми өкілдерінің жолығысуына құқығы бар.  

5. Жұқпалы ауруы бар (ВИЧ/ЖҚТБ (СПИД) және туберкулез) науқастарға жолығысулар саны мен ұзақтығы медициналық қызметкермен (дәрігермен) алдын-ала әңгімелесіп, ауруды жұқтыру мүмкіндігі туралы жазбаша хабарланғаннан кейін белгілеген тәртіппен беріледі.

Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.11 № 230-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...15 16 17 18 19 ...51 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететiн арнаулы мекемелерде ұстау тәртiбi мен шарттары туралы 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 17-бап Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететiн арнаулы мекемелерде ұстау тәртiбi мен шартта 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І