Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 2 Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұст 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 

1) арнаулы қабылдау орны - ішкі істер органдарының әкімшілік қамауға алынған адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдауға және ұстауға арналған арнаулы мекемесі; 

2) арнаулы мекемелер - тергеу изоляторы, уақытша ұстау изоляторы, қабылдау-бөлу орны, арнаулы қабылдау орны; 

2-1) арнаулы үй-жай – әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесу немесе әкімшілік іс жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында заңда белгіленген мерзімге жеке тұлғаның, заңды тұлға өкілінің, лауазымды адамның жеке бас бостандығын қысқа мерзімге шектеуге арналған үй-жай; 

3) әкімшілік қамауға алынған адам - өзіне қатысты сот әкімшілік қамауға алуды қолдану туралы қаулы шығарған адам; 

4) белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адам - Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген немесе тұрғын үйі жоқ адам; 

5) бір адамдық камера - күзетке алынған бір адамды барынша толық және қатаң оқшаулау мақсатында ұстауға арналған арнаулы үй-жай; 

5-1) гауптвахта – әскери полиция органдарының жанынан жабдықталған, мынадай: 

әкімшілік қамаққа алынған; 

қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұсталған, сондай-ақ өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған, қылмыс жасады деп күдік келтірілген, айыпталған, сотталушы; 

қамаққа алуға сотталған; 

бас бостандығынан айыруға сотталған әскери қызметшілерді – соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгенге дейін және оларды жазаны орындау органдарына жібергенге дейін қоғамнан заңды негізде уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнайы үй-жай; 

6) жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу – ішкі істер органдарының арнаулы мекемесінде:  

белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басты куәландыратын құжаттары жоқ адамдардың әрекеттерінде қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаған кезде және мұндай адамдардың жеке басын өзге де тәсілдермен анықтау мүмкін болмаған кезде оларды; 

заңды күшіне енген сот үкімінің, шешімінің, қаулысының негізінде мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын, сол сияқты шығарып жіберу туралы сот актісінде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды уақытша оқшаулауды білдіретін, құқық бұзушылықтардың жеке профилактика шарасы; 

7) алып тасталды - ҚР 18.04.2017 № № 58-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

8) қабылдау-бөлу орны – ішкі істер органдарының белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды, олардың әрекеттерінде қылмыстық және әкімшілік құқықтық бұзушылықтар белгілері болмаған және олардың жеке басын өзге тәсілдермен анықтау мүмкін болмаған кезде қабылдауға және ұстауға арналған арнаулы мекемесі; 

9) камера - қабылдау-бөлу орнына, арнаулы қабылдау орнына, уақытша ұстау изоляторына, тергеу изоляторына орналастырылған адамдарды ұстауға арналған үй-жай; 

10) күзетте ұстау - адамдарды сот санкциясымен арнаулы мекемелерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген уақытша оқшаулау; 

10-1) тәртіптік изолятор – күзетпен ұстаудың белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзған бір адамды ұстауға арналған камера; 

11) тергеу изоляторы – мыналарды: 

өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған, қылмыс жасады деп күдік келтірілгендер мен айыпталушыларды; 

қамауға алуға сотталғандарды; 

бас бостандығынан айыруға сотталғандарды; 

бас бостандығынан айыруға сотталғандарды, шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін қалдырылғандарды не жіберілгендерді; 

мекемелерден Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 88-бабына сәйкес келген сотталғандарды ұстауға арналған арнаулы мекеме; 

11-1) уақытша оқшаулау үй-жайы – күзетпен ұстаудың белгіленген тәртібін бұзған кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған камера; 

11-2) уақытша ұсталғандарға арналған үй-жай – әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесу немесе әкімшілік іс жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында әскери қызметшілерді заңда белгіленген мерзімге мәжбүрлеп ұстауға арналған арнайы бейімделген үй-жай; 

12) уақытша ұстау изоляторы – қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдік бойынша ұсталған адамдарды, сондай-ақ осы Заңның 46-6-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда әкімшілік қамауға алынған адамдарды күзетпен ұстауға арналған арнаулы мекеме. 

Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.29 № 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.11.09 № 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.12.2020 № 385-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.03.2023 № 206-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 4 ...51

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться