Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететiн арнаулы мекемелерде ұстау тәртiбi мен шарттары туралы
38-бап. Жазалау шараларын қолдану тәртібі



Ст. 38 Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететiн арнаулы мекемелерде ұстау тәртiбi мен шартта 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І



1. Күзетте ұстаудың белгіленген тәртібін бұзғаны үшін жазаны күзетте ұстау орны әкімшілігінің басшысы немесе оның орынбасары қолданады. Бір тәртіп бұзғандығы үшін кінәлі адамға бір жазадан артық жаза қолданылмайды.  

2. Жаза тәртіп бұзуды жасаудың мән-жайлары және сезікті мен айыпталушының мінез-құлқы ескеріле отырып қолданылады. Жаза тәртіп бұзушылық белгілі болған күннен бастап он тәуліктен кешіктірілмей, ал егер тәртіп бұзушылыққа байланысты тексеру жүргізілсе - ол аяқталған күннен бастап, бірақ тәртіп бұзушылық жасалған күннен бір айдан кешіктірілмей қолданылуы мүмкін. Жаза, әдетте, дереу, ал оны дереу қолдану мүмкін болмаған жағдайда - ол белгіленген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады.  

3. Жаза қолданылғанға дейін сезіктіден немесе айыпталушыдан жазбаша түсініктеме алынады, ал түсініктеме беруден бас тартылған жағдайда ол туралы тиісті акт жасалады.  

4. Сөгіс түріндегі жаза ауызша немесе жазбаша нысанда, басқа жазалар - жазбаша нысанда қолданылады.  

5. Сезіктілер мен айыпталушылардың жазаға жоғары тұрған лауазымды адамға, прокурорға немесе сотқа шағымдануға құқығы бар. Шағым беру жазаның орындалуын тоқтата тұрмайды.

Статья 1 ...36 37 38 39 40 ...51 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететiн арнаулы мекемелерде ұстау тәртiбi мен шарттары туралы 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 38-бап Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететiн арнаулы мекемелерде ұстау тәртiбi мен шартта 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І