Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететiн арнаулы мекемелерде ұстау тәртiбi мен шарттары туралы
41-бап. Тамақ ішуден бас тартқан кезде қолданылатын шаралар



Ст. 41 Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететiн арнаулы мекемелерде ұстау тәртiбi мен шартта 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І



1. Сезіктінің немесе айыпталушының тамақ ішуден бас тарту фактісі анықталған жағдайда күзетте ұстау орны әкімшілігінің басшысы немесе оның орынбасары оның себептерін анықтауға және ол туралы қылмыстық істі жүргізуші адамға немесе органға, сондай-ақ күзетте ұстау орындарында заңдардың қолданылуына қадағалау жасауды жүзеге асыратын прокурорға хабарлауға міндетті.  

2. Тамақ ішуден бас тартқан сезікті немесе айыпталушы мүмкіндігінше басқа сезіктілер мен айыпталушылардан жеке ұсталады және ол медициналық қызметкердің бақылауында болады.  

3. Егер өміріне қауіп төнсе, тамақ ішуден бас тартқан сезіктінің немесе айыпталушының денсаулығын сақтауға бағытталған шаралар, оның ішінде мәжбүрлеу сипатындағы шаралар оны бақылаушы медициналық қызметкердің жазбаша қорытындысы негізінде медициналық айқындамалар бойынша жүзеге асырылады.  

4. Сезіктінің немесе айыпталушының тамақ ішуден бас тартуы оны басқа күзетте ұстау орнына этаппен немесе айдауылмен апаруға, сондай-ақ тергеу іс-әрекеттері мен сот отырыстарына қатысуына кедергі келтірмейді. Қажет болған жағдайда этаппен немесе айдауылмен апаруға медициналық қызметкер ілесіп барады.

Статья 1 ...39 40 41 42 43 ...51 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 41-бап Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететiн арнаулы мекемелерде ұстау тәртiбi мен шартта 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І