Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететiн арнаулы мекемелерде ұстау тәртiбi мен шарттары туралы

Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететiн арнаулы мекемелерде ұстау тәртiбi мен шарттары туралы
46-5-бап. Қабылдау-бөлу орындарында ұсталушы адамдардың құқықтары мен міндеттері



Ст. 46-5 Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететiн арнаулы мекемелерде ұстау тәртiбi мен шартта 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І



1. Қабылдау-бөлу орындарында ұсталушы адамдардың: 

1) өздерінің құқықтары мен міндеттері, қабылдау-бөлу орнында ұсталу режимі, ұсыныстар, арыздар мен шағымдар беру тәртібі туралы ақпарат алуға; 

2) қабылдау-бөлу орнында болу кезеңінде жеке басының қауіпсіздігіне; 

3) ішкі тәртіп қағидаларында бекітілетін нормалар бойынша оларға материалдық-тұрмыстық және медициналық-санитариялық қызмет көрсетілуіне; 

4) түнгі уақытта сегіз сағат ұйықтауға; 

5) күніне кемінде екі сағат күнделікті серуенге; 

6) ішкі тәртіп қағидаларының және қабылдау-бөлу орнында ұсталушы басқа да адамдардың құқықтарының сақталуы шартымен діни жоралар жасауға; 

7) қабылдау-бөлу орнының әкімшілігіне, прокуратура органдарына, сотқа өздерін ұстаудың заңдылығы мен негізділігі, сондай-ақ өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы мәселелері бойынша жүгінуге құқығы бар. 

2. Қабылдау-бөлу орындарына орналастырылған адамдар ішкі тәртіп қағидаларын орындауға міндетті. 

3. Белгіленген ішкі тәртіп қағидаларын бұзған адамдарға теріс қылығының сипатына немесе ауырлығына байланысты мынадай ықпал ету 

шаралары: 

1) ескерту; 

2) қабылдау-бөлу орнының үй-жайларын жинау бойынша кезектен тыс наряд қолданылады. 

Ықпал ету шараларын қолдану туралы шешімді қабылдау-бөлу орнының бастығы қабылдайды және дәлелді қаулымен ресімделеді. 

3-2-тарау. Әкімшілік қамауға алынған адамдарды арнаулы қабылдау орындарында, уақытша ұстау изоляторларында ұстау


Ескерту. Заң 3-2-тараумен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 № 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...46-3 46-4 46-5 46-6 46-7 ...51 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 46-5-бап Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететiн арнаулы мекемелерде ұстау тәртiбi мен шартта 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І