Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Тұтыну кооперативi туралы
10-бап. Тұтыну кооперативiнiң құрылтай жиналысы



Ст. 10 Тұтыну кооперативi туралы 2001 жылғы 8 мамырдағы N 197



1. Тұтыну кооперативiнiң құрылтай жиналысы мынадай мәселелердi шешедi:

1) тұтыну кооперативiн құру, оның атауы және орналасқан жерi туралы шешiм қабылдайды;

2) тұтыну кооперативi мүшелерiнiң арыздары негiзiнде азаматтар үшін олардың аты-жөнi, тұрғылықты жерi және жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi және заңды тұлғалар үшiн атауы, орналасқан жерi және банктiк реквизиттерi көрсетiлген тiзiмiн бекiтедi;

3) қызметтiң мәнi мен мақсаттарын белгiлейдi;

4) мүлiктiк (пайлық) жарналардың құрамын, мөлшерiн және оларды енгiзу мерзiмдерiн белгiлейдi;

5) жарғысын және құрылтай шартын бекiтедi;

6) атқарушы, бақылаушы және өзге де органдарды сайлайды;

7) мемлекеттiк тiркеу мерзiмiн және оған жауапты адамдарды белгiлейдi;

8) тұтыну кооперативiн құруға байланысты өзге де мәселелердi шешедi.

2. Құрылтай жиналысының шешiмi хаттамамен ресiмделедi. Құрылтай жиналысының хаттамасына құрылтай жиналысының төрағасы мен хатшысы қол қояды.

Құрылтай жиналысының төрағасы оған қатысушылардың көпшiлiк даусымен сайланады.

Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...40 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Тұтыну кооперативi туралы 2001 жылғы 8 мамырдағы N 197 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 10-бап Тұтыну кооперативi туралы 2001 жылғы 8 мамырдағы N 197