Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 11 Тұтыну кооперативi туралы 2001 жылғы 8 мамырдағы N 197


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Тұтыну кооперативi туралы
11-бап. Тұтыну кооперативiнiң жарғысы

1. Тұтыну кооперативiнiң жарғысында:

1) атауы мен орналасқан жерi;

2) қызметiнiң мәнi мен мақсаттары;

3) тұтыну кооперативiне кiру мен одан шығу, оның iшiнде тұтыну кооперативiнiң мүлкiндегi өз үлесiн бөлiп алу тәртiбi;

4) мүлiктiк (пайлық) жарналардың құрамы, мөлшерi және оларды енгiзу тәртiбi, мүлiктiк (пайлық) жарналарды енгiзу жөнiндегi мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiк;

5) тұтыну кооперативiнiң атқарушы, бақылаушы және өзге де органдарын құру, сайлау (қайта сайлау) тәртiбi мен өкiлеттiгi, олардың шешiм қабылдау тәртiбi;

6) тұтыну кооперативi басқару органдарының құрамы мен құзыретi;

7) басқару органдарының шешiм, оның iшiнде шешiмдер бiрауыздан немесе бiлiктi көпшiлiк дауыспен қабылданатын мәселелер туралы шешiм қабылдау тәртiбi;

8) тұтыну кооперативi мүшелерiнiң кооперативке келтiрiлген залалдарды жабу тәртiбi;

9) кооперативтi қайта ұйымдастыру және оның қызметiн тоқтату жағдайлары;

10) филиалдар мен өкiлдiктер туралы мәлiметтер;

11) тұтыну кооперативi мүшелерiнiң оның қызметiне жеке еңбек қосып қатысуының сипаты мен тәртiбi;

12) тұтыну кооперативi мен оның мүшелерi, тұтыну кооперативiнiң атқарушы органы мен жалдамалы қызметкерлер арасындағы өзара қатынастар болуға тиiс.

2. Тұтыну кооперативiнiң жарғысына азаматтың тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жерi және жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, сондай-ақ егер тұтыну кооперативінің мүшесі заңды тұлға болып табылатын болса, ұйымның атауы, орналасқан жері және банктік деректемелері көрсетiлген тұтыну кооперативi мүшелерiнiң тiзiмі қоса беріледi.

3. Тұтыну кооперативiнiң жарғысында Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да ережелер болуы мүмкін.

4. Тұтыну кооперативiнiң жарғысына енгізiлген өзгерiстер мен толықтыруларды заңда белгiленген тәртiппен уәкiлеттi мемлекеттiк органдар тіркейді.

5. Yшiншi тұлғалармен қарым-қатынастарда тұтыну кооперативі мен оның мүшелерi жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен олардың тіркелгені туралы мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органға хабарланған кезден бастап не сот шешiмiнiң негiзiнде Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне тұтыну кооперативі жарғысының өзгергені туралы мәліметтер енгiзiлген кезден бастап тұтыну кооперативі жарғысындағы өзгерiстерге сiлтеме жасауға құқылы. Алайда, үшiншi тұлғалар аталған мән-жайлар болғанға және мерзiмдер басталғанға дейiн де бұл өзгерiстердi ескере отырып, іс-әрекет жасауға құқылы.

 Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...40

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться