Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 16 Тұтыну кооперативi туралы 2001 жылғы 8 мамырдағы N 197


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Тұтыну кооперативi туралы
16-бап. Тұтыну кооперативiне мүшелiктiң тоқтатылуы

1. Тұтыну кооперативiне мүшелiк:

1) өз еркiмен шыққан;

2) шығарылған;

3) мүліктегі үлесі құқығынан айрылған;

4) тұтыну кооперативінің мүшесi болып табылатын азамат қайтыс болған, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ол өлдi деп жарияланған, хабар-ошарсыз кеткен деп танылған;

5) тұтыну кооперативiнiң мүшесi болып табылатын заңды тұлға таратылған;

6) тұтыну кооперативi таратылған жағдайларда тоқтатылады.

2. Тұтыну кооперативiнiң мүшесi өз еркiмен шыққан жағдайда тұтыну кооперативiнiң мүлкiндегi енгiзген мүлiктiк (пайлық) жарнасына бара-бар өз үлесiн осы Заңда белгiленген тәртiппен бөлiп алуға құқығы бар.

3. Тұтыну кооперативiнiң мүшесi өзiнiң жарғыда белгiленген мiндеттерiн дәлелсiз себептермен орындамаған не тұтыну кооперативiне залал келтiретiн қасақана әрекеттер жасаған жағдайда жалпы жиналыстың шешімімен тұтыну кооперативінен шығарылуы мүмкін.

Тұтыну кооперативiнiң атқарушы органы кооперативтiң мүшесiне оны тұтыну кооперативiнен шығару жөнiндегi мәселенiң жалпы жиналысқа енгiзiлу себептерi туралы кем дегенде он күн бұрын жазбаша түрде хабарлауға және оны аталған жалпы жиналысқа шақырып, онда оған өз пiкiрiн айтуға құқық берiлуге тиiс.

Тұтыну кооперативiнiң шығарылатын мүшесi тұтыну кооперативiнiң жалпы жиналысына дәлелдi себептерсiз қатыспаған жағдайда жиналыс оны шығару туралы шешiмдi өзiнiң қатысуынсыз қабылдауға құқылы. Егер жиналысқа қатысушылардың үштен екiсi жақтап дауыс берсе, шешiм қабылданған болып есептеледi.

Тұтыну кооперативiнен шығарылған мүшеге тұтыну кооперативiнiң мүлкiндегi үлесi енгiзген мүлiктiк (пайлық) жарнасына бара-бар, осы Заңда белгiленген тәртiппен бөлiп берiледi.

Жалпы жиналыстың тұтыну кооперативi мүшесiн кооперативтен шығару туралы шешiмiне сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.

4. Тұтыну кооперативiнiң мүлкiндегi үлеске құқығынан айрылған тұтыну кооперативiнiң мүшесi өзiнiң тұтыну кооперативiне мүшелiгiн тоқтатады.

Үлестен:

1) сату;

2) сыйға тарту;

3) өзге де түрде иелiк ету;

4) сот шешiмi негiздерiнде айрылады.

Мүлiктегi үлес құқығынан айрылған тұтыну кооперативiнiң мүшесi бұл туралы тұтыну кооперативінің атқарушы органына хабарлайды. Тұтыну кооперативiнiң атқарушы органына мұндай ақпаратты мүлiктегi үлеске құқық алған адамдар табыс ете алады.

Мүше мүлiктегi үлес құқығынан айрылған жағдайда тұтыну кооперативiне мүшелiктi тоқтату тұтыну кооперативi атқарушы органының шешiмiмен ресiмделедi.

5. Тұтыну кооперативiнiң мүшесi болып табылатын азамат қайтыс болған, ол белгiленген тәртiппен хабар-ошарсыз кеттi деп танылған немесе өлдi деп жарияланған жағдайда оның тұтыну кооперативіне мүшелiгі тоқтатылады.

Тұтыну кооперативiнiң атқарушы органы тұтыну кооперативiнiң қайтыс болған мүшесiнiң ол қайтыс болған, ол белгiленген тәртiппен хабар-ошарсыз кеттi деп танылған немесе өлдi деп жарияланған күнгi мүлiктегi үлесiн мұрагерлерiне төлеу үшiн осы Заңда белгiленген тәртiппен оның үлесiне бара-бар бөлiп бередi.

6. Атқарушы орган тұтыну кооперативiне мүшелiк тоқтатылған барлық жағдайлар туралы тұтыну кооперативiнiң мүшелерiне хабарлайды.  
4-тарау. ТҰТЫНУ КООПЕРАТИВIН БАСҚАРУ
Статья 1 ...14 15 16 17 18 ...40

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться