Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Тұтыну кооперативi туралы

Тұтыну кооперативi туралы
25-бап. Тұтыну кооперативiнiң мүлкi, оны қалыптастыру көздерi



Ст. 25 Тұтыну кооперативi туралы 2001 жылғы 8 мамырдағы N 197



1. Тұтыну кооперативiнiң балансында тұрған мүлiктiң меншiк иесi заңды тұлға ретiндегi тұтыну кооперативi болып табылады.

Тұтыну кооперативiнiң мүлкi оның мүшелерiнiң мүлiктiк (пайлық) жарналарын бiрiктiру арқылы жасалады.

Мүлiктiк (пайлық) және қосымша жарналарды қоспағанда, тұтыну кооперативiнiң кәсiпкерлiк қызметтен алатын кiрiстерi мен Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер тұтыну кооперативiнiң мүлкiн қалыптастырудың көздерi болып табылады.

2. Тұтыну кооперативi алған табысты оның мүшелерi арасында бөлуге болмайды және жарғылық мақсаттарға жiберiледi.

3. Тұтыну кооперативiнiң меншiгiндегi мүлiкке билiк ету жалпы жиналыстың шешiмi бойынша жүзеге асырылады.

Статья 1 ...23 24 25 26 27 ...40 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 25-бап Тұтыну кооперативi туралы 2001 жылғы 8 мамырдағы N 197