Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Тұтыну кооперативi туралы

Тұтыну кооперативi туралы
27-бап. Тұтыну кооперативiнiң қорлары



Ст. 27 Тұтыну кооперативi туралы 2001 жылғы 8 мамырдағы N 197



1. Тұтыну кооперативi өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде:

1) мүліктік (пайлық);

2) тұтыну кооперативiн дамыту;

3) резервтiк;

4) тұтыну кооперативi мүшелерiн ынталандыру және әлеуметтiк қолдау;

5) жарғысына сәйкес өзге де қорлар құруға құқылы.

2. Мүлiктiк (пайлық) қор тұтыну кооперативi мүшелерiнiң мүлiктiк (пайлық) жарналарынан тұрады және тұтыну кооперативiнiң мүлкiн қалыптастыру көздерiнiң бiрi болып табылады.

3. Тұтыну кооперативi алған табыстар және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер басқа қорларды қалыптастыру көзi болып табылады.

4. Тұтыну кооперативiнiң қорларын қалыптастыру мен пайдалану тәртiбiн, олардың қайта бөлiнуiн тұтыну кооперативiнiң жалпы жиналысы белгiлейдi.

Статья 1 ...25 26 27 28 29 ...40 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 27-бап Тұтыну кооперативi туралы 2001 жылғы 8 мамырдағы N 197