Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Тұтыну кооперативi туралы

Тұтыну кооперативi туралы
28-бап. Тұтыну кооперативi мүшелерiнiң мүлiктегi үлесi



Ст. 28 Тұтыну кооперативi туралы 2001 жылғы 8 мамырдағы N 197



1. Тұтыну кооперативiнiң барлық мүшелерiнiң тұтыну кооперативiнiң мүлкiндегi (мүлiк құнындағы) үлесi олардың тұтыну кооперативiнiң мүлкiндегi салымына бара-бар анықталады.

2. Тұтыну кооперативiнiң жарғысы немесе жалпы жиналыс олардың әрқайсысының мүлiктi құруға және көбейтуге қосқан үлесiне қарай олардың үлесiн анықтау және өзгерту тәртiбiн белгiлеуi мүмкiн.

3. Тұтыну кооперативiнiң әрбiр мүшесi өзiнiң қалауына қарай өз үлесін сатуға, сыйға беруге, мұраға қалдыруға, кепiлге салуға не осы Заңда және жарғыда көзделген талаптарды сақтай отырып, оған өзгеше түрде билiк етуге құқылы.

4. Мүлiктегi өз үлесiмен қандай да бiр операциялар жасау алдында тұтыну кооперативiнiң мүшесi тұтыну кооперативiнiң жарғысында белгiленген мерзiмде атқарушы органға ортақ мүлiктен өз үлесiн бөлiп берудi талап етiп арыз беруге мiндеттi.

Статья 1 ...26 27 28 29 30 ...40 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 28-бап Тұтыну кооперативi туралы 2001 жылғы 8 мамырдағы N 197