Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Тұтыну кооперативi туралы
31-бап. Басқа мүшелердiң үлестi сатып алудан бас тартқан кезiнде тұтыну кооперативi мүшесiнiң үлесiн сату



Ст. 31 Тұтыну кооперативi туралы 2001 жылғы 8 мамырдағы N 197



1. Тұтыну кооперативiнiң жарғысында тұтыну кооперативi мүшесiнiң өз үлесін үшінші тұлғаларға сатуына тыйым салу немесе оны шектеу көзделуі мүмкiн.

2. Yлестi сатуды сатушыға байланысты емес мән-жайлар бойынша осы баптың 1-тармағында көзделген тыйым салу немесе шектеулер сақтала отырып жүргiзу мүмкiн болмаған жағдайда тұтыну кооперативiнiң үлесiн сатқысы келетiн мүшесi осы үлестi сатып алуды немесе оны үшiншi тұлғаға сатуға рұқсат берудi талап етiп, тұтыну кооперативiне жүгiнуге құқылы.

Осы нұсқалардың бiрiн таңдауды тұтыну кооперативi мүшелерiнiң жалпы жиналысы жүргiзедi.

3. Тұтыну кооперативi үлестi сатып алған кезде үлестiң бағасы тараптардың келiсiмiмен, ал келiсiмге келе алмаған жағдайда сот арқылы белгiленедi.

4. Тұтыну кооперативi үлестi үшiншi тұлғаға сатуға келiскен жағдайда тұтыну кооперативiнiң мүшелерi үлестi сатып алуға басым құқығын сақтап қалады.

Статья 1 ...29 30 31 32 33 ...40 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Тұтыну кооперативi туралы 2001 жылғы 8 мамырдағы N 197 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 31-бап Тұтыну кооперативi туралы 2001 жылғы 8 мамырдағы N 197