Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Тұтыну кооперативi туралы

Тұтыну кооперативi туралы
32-бап. Тұтыну кооперативi мүшесiнiң үлесiн тұтыну кооперативi сатып алуының салдары



Ст. 32 Тұтыну кооперативi туралы 2001 жылғы 8 мамырдағы N 197



1. Тұтыну кооперативi мүшелерiнiң үлесiн тұтыну кооперативi сатып алғаннан кейiн тұтыну кооперативi тұтыну кооперативiнiң басқа мүшелерiне осы үлестi жалпы жиналыстың шешiмiмен белгiленген баға бойынша сатып алуды ұсынуға мiндеттi.

2. Yлестi сатып алуға тұтыну кооперативiнiң бiрнеше мүшесi ниет бiлдiрген жағдайда үлес олардың арасында тұтыну кооперативiнiң мүлкiндегi үлестерiне бара-бар мөлшерде бөлiнедi.

Тұтыну кооперативiнiң мүшесi сатып алған үлес мөлшерi осы мүшеге сатып алғанға дейiнгi тиесiлi үлес мөлшерiне қосылады. Бұл орайда тұтыну кооперативiнiң бiр мүшесiне тиесiлi болуы ықтимал үлес мөлшерiнiң шектелу мүмкiндiгi сақталады.

3. Тұтыну кооперативi жалпы жиналыстың шешiмiмен тұтыну кооперативі атынан сатып алынған үлесті үшінші тұлғаға сатуға құқылы.

Статья 1 ...30 31 32 33 34 ...40 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 32-бап Тұтыну кооперативi туралы 2001 жылғы 8 мамырдағы N 197