Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Тұтыну кооперативi туралы

Тұтыну кооперативi туралы
38-бап. Тұтыну кооперативiн мәжбүрлеп бөлу, бөлiп шығару туралы сот шешiмiн орындамаудың зардаптары



Ст. 38 Тұтыну кооперативi туралы 2001 жылғы 8 мамырдағы N 197



1. Егер тұтыну кооперативiнiң мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру кезiнде сот шешiмi бойынша бөлудi, бөлiп шығаруды жүргiзуге уәкiлеттi атқарушы органы бөлудi, бөлiп шығаруды сот шешiмiнде белгiленген мерзiмде жүзеге асырмаса, сот тұтыну кооперативiнiң мүлкiне сенiмгерлiк басқарушы тағайындайды және оған қайта ұйымдастырылатын тұтыну кооперативiнiң бөлiнуiн, бөлiнiп шығарылуын соның мүлкi есебiнен жүзеге асыруды тапсырады.

2. Сенiмгерлiк басқарушы тағайындалған кезден бастап тұтыну кооперативiн басқару жөнiндегi өкiлеттiк соған ауысады, тұтыну кооперативiнiң атқарушы, бақылаушы және өзге де органдары өз қызметiн тоқтатады.

3. Сенiмгерлiк басқарушы сотта тұтыну кооперативiнiң атынан өкiл болады, бөлу балансын жасайды және оны тұтыну кооперативтерiнiң бөлу, бөлiп шығару нәтижесiнде туындайтын құрылтай құжаттарымен бiрге соттың бекiтуiне бередi. Аталған құжаттарды соттың бекiтуi жаңадан пайда болатын тұтыну кооперативтерiн мемлекеттiк тiркеу үшiн негiздеме болып табылады.

Статья 1 ...36 37 38 39 40 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 38-бап Тұтыну кооперативi туралы 2001 жылғы 8 мамырдағы N 197