Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Тұтыну кооперативi туралы

Тұтыну кооперативi туралы
4-бап. Тұтыну кооперативi



Ст. 4 Тұтыну кооперативi туралы 2001 жылғы 8 мамырдағы N 197



1. Тұтыну кооперативi коммерциялық емес ұйымдар болып табылады және кәсiпкерлiк қызметпен өздерiнiң жарғылық мақсаттарына сәйкес келетiндей дәрежеде ғана айналыса алады.

2. Тұтыну кооперативi мүлiктiк (пайлық) жарналар есебiнен, өз мүшелерiнiң мүдделерiн қанағаттандыруға байланысты жекелеген мiндеттердi орындау үшiн құрылады.

3. Егер құрылтай құжаттарында тұтыну кооперативi белгiлi бiр мерзiмге немесе белгiлi бiр мақсатқа жету үшiн құрылатыны көзделмесе, ол белгiсiз мерзiмге құрылған болып есептеледi.

4. Тұтыну кооперативiндегi еңбек қатынастары осы Заңмен, еңбек заңдарымен және жарғымен реттеледi. Тұтыну кооперативi мүшелерiнiң оның қызметiне жеке еңбегiмен қатысқаны үшiн сыйақы мөлшерлерi, сондай-ақ еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдардың еңбегiне төленетiн ақы мөлшерлерi жалпы жиналыстың шешiмiмен белгiленедi.

5. Тұтыну кооперативi мүшелерiнiң оның қызметiне жеке еңбегiмен қатысуы мiндеттi болып табылмайды.

6. Қызмет нәтижелерiнiң (дайындалған не сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) негiзгi тұтынушылары тұтыну кооперативiнiң мүшелерi болып табылады.

Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.05.15. N 253 Заңымен.

Статья 1 2 3 4 5 6 ...40 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 4-бап Тұтыну кооперативi туралы 2001 жылғы 8 мамырдағы N 197