Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 16 Өрт қауiпсiздiгi туралы


Утратил силу

Действующий аналог

Азаматтық қорғау туралы

Өрт қауiпсiздiгi туралы
16-бап. Өрттердi сөндiру

Өрттердi сөндiру азаматтарды, мүлiктердi құтқаруға және өрттердi жоюға бағытталған iс-әрекеттер болып табылады.

Қоныстану аумақтарында, стратегиялық, ерекше маңызды мемлекеттiк объектiлерде және мемлекет меншiгiндегi тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiнде өрт сөндiрудi мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары жүзеге асырады.

Дала өрттерiн, сондай-ақ мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елдi мекендердегi өрттердi сөндiрудi тиiстi аумақтағы жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады.

Басқа объектiлердегi өрттердi сөндiрудi мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтер жүзеге асырады.

Мiндеттi түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектiлерде өрт сөндiруге мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарын тартқан жағдайда шығындарды өтеу Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тәртiппен жүргiзiледi. Шығындар сомасы республикалық бюджетке есептеледi.

Өрттердi сөндiрудi ұйымдастырудың және бұған мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтi тарту тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

Өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң өрттердi сөндiруге баруы және оларды жоюға қатысуы сөзсiз тәртiппен жүзеге асырылады.

Өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн шақыру үшiн елдi мекендердiң телефон жүйелерiнде бiрiңғай - 101 нөмiрi белгiленедi.

Өрттердi сөндiру кезiнде өртке қарсы қызметтiң қызметкерi барлық тұрғын үйге, өндiрiстiк және басқа да үй-жайларға кедергiсiз кiруге, сондай-ақ азаматтарды құтқаруға, оттың өршуiне жол бермеуге және өрттi сөндiруге бағытталған кез-келген шаралар қолдануға құқылы.

Өртке қарсы қызметтiң өрттi сөндiруге тартылған барлық бөлiмшелерi өрттi сөндiру жөнiндегi басшыға бағынады. Өрттердi сөндiру кезiнде мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының уәкiлеттiлiк алған лауазымды адамдарынан басқа ешкiмнiң де оның iс-әрекетiне араласуға немесе оның өкiмiнiң күшiн жоюға құқығы жоқ.

Уәкiлеттi органның басшысы мемлекеттiк өртке қарсы барлық қызметтерге қатысты аға жедел бастық болып табылады.

Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң аумақтық органдарының басшылары тиiстi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), облыстық маңызы бар қаланың, ауданның аумағында орналасқан өртке қарсы барлық қызметтерге қатысты аға жедел бастық болып табылады.

Өрттердi сөндiру кезiнде келтiрiлген материалдық залал қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен өтелуге тиiс. Өртке қарсы қызметтiң жеке құрамы, аса қажет болған жағдайларда өрт сөндiруге қатысқан өзге де адамдар келтiрiлген залалды өтеуден босатылады.

Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер органдары және қорғаныс, әуе, темiр жол, теңiз және iшкi су көлiгi, орман шаруашылығы объектiлерiндегi өрттердi сөндiру уәкiлеттi орган мен тиiстi заңды тұлғалары арасындағы келiсiмдермен регламенттеледi.

Апаттарды, дүлей зiлзалаларды және өрт сөндiруге байланысты емес өзге де төтенше жағдайларды жою кезiнде мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының күштерi мен құралдары (ақшалай қаражаттан басқа) оларды жою жөнiндегi басшының қарамағына көшедi.

Өрт сөндiру кезiнде мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң:

1) өрт сөндiру үшiн өртке қарсы қызметтiң күштерi мен құралдарын, көлiк және басқа да материалдық-техникалық құралдарды тартуға;

2) өрттi сөндiру және жою жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу кезiнде цехтар мен объектiлердiң жұмысын тоқтатуға, қажет болғанда қауiптi аймақтан адамдарды және материалдық бағалы заттарды көшiруге нұсқау беруге;

3) өрт кезiнде азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында олардың жекелеген учаскелерге, аумақтарға, ғимараттардың үй-жайларына кiрулерiн шектеуге немесе оған уақытша тыйым салуға;

4) өрт кезiнде азаматтардың жеке қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында және азаматтарды құтқаруға, оттың таралуын болдырмауға және өрттi жоюға бағытталған шараларды қабылдау үшiн азаматтардың тұрғын үй және өзге де үй-жайларына, ұйымдарына, оларға тиесiлi жер учаскелерiне, дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттердiң және халықаралық ұйымдардың өкiлдiктерiнен басқа аумақтар мен үй-жайларға кедергiсiз кiруге;

5) қажет болған жағдайларда жабық есiктер мен терезелердi, сондай-ақ адамдарды құтқару мен өрт сөндiруде кедергi болатын құрылыстарды бұзып ашуға;

6) адамдарды құтқару үшiн және аса қажет болған жағдайда өрттi сөндiру және жою кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен, ұйымдардың байланыс құралдарын, мүлкiн және өзге де материалдық құралдарын, көлiктi, егер залал келтiрiлген болса, оны иелерiне өтеу арқылы пайдалануға құқылы.

Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16 № 437, 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.06.28 № 295-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Статья 1 ...15 15‑1 16 17 18 ...32

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться