Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Өрт қауiпсiздiгi туралы
25-2-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы қатерлердi тәуелсiз  бағалау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу



Ст. 25-2 Өрт қауiпсiздiгi туралы



1. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы қатерлердi тәуелсiз бағалау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

2. Өзiнiң штатында мынадай талаптардың бiрiне сай келетiн:

1) өрт қауiпсiздiгi саласында жоғары бiлiмi бар;

2) өзге жоғары бiлiмi және мемлекеттiк және (немесе) мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтерде кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар, арнайы оқыту курстарынан өткен кемiнде үш маманы бар ұйымдар сарапшы ұйымдар бола алады.

Сарапшы ұйымдар үшiн мамандарды арнайы оқыту курстары мамандандырылған оқыту ұйымдарында өткiзiледi, оларға қойылатын талаптарды, сондай-ақ арнайы оқыту курстарынан өту шарттары мен тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.

3. Аккредиттеу үшiн ұйым мынадай құжаттарды:

1) электрондық құжат нысанындағы өтiнiштi;

2) ұйымға меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiзде тиесiлi үй-жай туралы, жабдық туралы ақпаратты қамтитын, өтiнiш берушi электрондық құжат нысанында жасаған мәлiметтер нысанын;

3) ұйым мамандарының бiлiмi туралы, мемлекеттiк және (немесе) мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтердегi жұмыс өтiлi, сондай-ақ олардың арнайы оқыту курстарынан өткенi туралы құжаттарының электрондық көшiрмелерiн ұсынады.

4. Аккредиттеу туралы құжаттарды қарау және олар бойынша шешiм қабылдау үшiн тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия құрылады, оның құрамы мен қызмет тәртiбiн уәкiлеттi органның басшысы айқындайды.

Комиссия аккредиттеу туралы құжаттарды қарауды олар уәкiлеттi органға түскен кезден бастап есептелетiн он бес жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.

Оң шешiм қабылданған жағдайда уәкiлеттi орган сарапшы ұйымдардың мемлекеттiк тiзiлiмiне тиiстi жазба енгiзедi және өтiнiш берушiге аккредиттеу аттестатын бередi.

5. Ұсынылған құжаттар осы баптың 2 және З-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкiлеттi орган аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

Аккредиттеуден бас тартылған жағдайда, өтiнiш берушiге бес жұмыс күнi iшiнде мұндай бас тартудың себептерi көрсетiле отырып, дәлелдi жазбаша жауап жiберiледi.

6. Аккредиттеу мәселелерi бойынша даулар туындаған кезде өтiнiш берушiлер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

7. Аккредиттеу аттестаттары эленктрондық құжат нысанында берiледi, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жарамды болады және олардың қолданылу мерзiмi бес жыл.

Аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзiмi аккредиттеу туралы шешiм қабылданған кезден бастап есептеледi.

Аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзiмiнiң өтуiне байланысты сарапшы ұйым қайта аккредиттеу үшiн осы бапта көзделген құжаттарды табыс етедi.

8. Аккредиттеу аттестатында:

1) ұйымның атауы (аты және ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету), орналасқан жерi;

2) аккредиттеу аттестатының тiркеу нөмiрi;

3) аккредиттеу аттестатының сарапшы ұйымдардың мемлекеттiк тiзiлiмiнде тiркелген күнi;

4) аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзiмi көрсетiледi.

9. Аккредиттеу аттестатынан айыру Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

10. Аккредиттеу аттестатының қолданылуы мынадай:

1) сарапшы ұйымның аккредиттеу аттестатының қолданылуын тоқтату туралы өтiнiш беруi;

2) аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзiмiнiң өтуi;

3) заңды тұлғаның таратылуы;

4) аккредиттеу аттестатынан айыру негiздерi бойынша тоқтатылады.

11. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

 Ескерту. 25-2-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 6-тарау

Өрт қауiпсiздiгi саласындағы заңдарды бұзғаны үшiн

жауапкершiлiк

Статья 1 ...25 25-1 25-2 26 27 ...32 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Өрт қауiпсiздiгi туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 25-2-бап Өрт қауiпсiздiгi туралы