Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Өрт қауiпсiздiгi туралы
25-бап. Ұйымдардың өрт қауiпсiздiгi саласындағы құқықтары мен мiндеттерi



Ст. 25 Өрт қауiпсiздiгi туралы



Өрт қауiпсiздiгi мен өрт сөндiрудi қамтамасыз ету ұйымдардың басшыларына жүктеледi.

Ұйымдардың:

- өз қаражаты есебiнен ұстайтын мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтi осы Заңда белгiленген тәртiппен құруға, қайта ұйымдастыруға және таратуға, сондай-ақ шарттар негiзiнде мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтi тартуға;

- мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өкiлдi органдарға өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныс енгiзуге;

- ұйымдардың объектiлерiнде болған өрттердiң себептерi мен мән-жайларын анықтау жөнiнде жұмыстар жүргiзуге;

- заңдармен белгiленген шекте өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi әлеуметтiк және экономикалық ынталандыру шараларын белгiлеуге;

- өрт қауiпсiздiгi мәселелерi жөнiнде ақпарат, соның iшiнде белгiленген тәртiппен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарынан ақпарат алуға құқығы бар.

Ұйымдар:

- өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға, сондай-ақ мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының нұсқамалары мен өзге де заңды талаптарын орындауға;

- өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыруға;

- өртке қарсы насихат жүргiзуге, сондай-ақ өздерiнiң қызметкерлерiн өрт қауiпсiздiгi шараларына оқытып-үйретуге;

- мiндеттi түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектiлерде, соның iшiнде мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметпен шарт жасасу негiзiнде мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтi құруға немесе ұстауға;

- өрт сөндiру жүйелерi мен құралдарын түзу күйiнде ұстауға, олардың мақсатқа сай пайдаланылмауына жол бермеуге;

- өрт қарсы қызметке өрттердi сөндiру, олардың шығу және өршу себептерi мен жағдаяттарын анықтау кезiнде, сондай-ақ өрт қауiпсiздiгi талаптарының бұзылуына және өрттердiң шығуына кiнәлi адамдарды анықтау кезiнде жәрдем көрсетуге;

- өрттердi анықтайтын және сөндiретiн автоматты құралдарды енгiзу жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға;

- өрт сөндiру жөнiндегi iс-әрекеттердi атқаруға қатысатын өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi және өрт сөндiруге тартылған күштер үшiн ұйымдар аумағында өрттердi сөндiру кезiнде қажеттi күш-құралдарды, жанар-жағар май материалдарын, сондай-ақ тамақ өнiмдерi мен тынығу орындарын Үкiмет белгiлеген тәртiппен беруге;

- өртке қарсы қызметi өкiлдерiне олар ұйымдар аумағында қызмет бабындағы мiндеттерiн жүзеге асырған кезде заңдарда белгiленген тәртiппен жүрiп-тұруын қамтамасыз етуге; 

- өрт қауiпсiздiгiнiң жай-күйi туралы, соның iшiнде өздерi өндiретiн өнiмдердiң өртену қаупi туралы, сондай-ақ өз аумақтарында болған өрттер және олардың зардаптары туралы мәлiметтер мен құжаттарды мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарына беруге;

- өрттердiң шыққаны, өртке қарсы қолда бар қорғану жүйелерi мен құралдарының ақаулары туралы, жолдар мен кiрме жолдардың жай-күйiнiң өзгерiстерi туралы өртке қарсы қызметке дереу хабарлауға;

- өрттiң алдын алу және сөндiру, өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi жоқ ұйымдар мен объектiлердегi өртке байланысты бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудың басталғаны туралы уәкiлеттi органға хабарлама жасауға;

- шөптесiн өсiмдiктердi өртеу және ашық алаңқайларда арнайы от әсерлерiн қолдану жөнiндегi iс-қимылдарды жүзеге асырудың басталғаны туралы уәкiлеттi органға хабарлама жасауға мiндеттi.

Өтiнiш берушiлер «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметтi немесе iс-қимылды жүзеге асыру басталғанға дейiн кемiнде он жұмыс күнi бұрын хабарламалар берудi жүзеге асырады.

Егер iс-қимылды жүзеге асыру үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қатерiне байланысты болса, хабарламада өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша өтiнiш берушi қабылдаған шаралар қосымша көрсетiледi.

Ескерту. 25-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.07.16 № 437, 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.06.28 № 295-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  5-1-тарау. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы қатерлердi тәуелсiз бағалау  Ескерту. Кодекс 5-1-тараумен толықтырылды - 2010.06.28 № 295-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

Статья 1 ...23-3 24 25 25-1 25-2 ...32 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Өрт қауiпсiздiгi туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 25-бап Өрт қауiпсiздiгi туралы