Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Өрт қауiпсiздiгi туралы

Өрт қауiпсiздiгi туралы
9-5-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау



Ст. 9-5 Өрт қауiпсiздiгi туралы



1. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк бас инспекторы - мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының басшысы;

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк бас инспекторының орынбасарлары - мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары басшысының орынбасарлары;

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары - мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мамандары;

облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк бас инспекторлары - мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң аумақтық органдарының басшылары;

облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк бас инспекторларының орынбасарлары - мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң аумақтық органдары басшыларының орынбасарлары;

облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары - мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң аумақтық органдарының мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мамандары жатады.

 3. Шахталардың, кенiштердiң, кен қазбаларының жерасты құрылыстарында, ашық көмiр разрездерiнде, орман және тоғай алқаптарының аумақтарында, сондай-ақ әуе, темiржол, теңiз және iшкi су көлiгiнде өрт қауiпсiздiгi саласындағы бақылауды Қазақстан Республикасының тиiстi уәкiлеттi органдары жүзеге асырады.

Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының дипломатиялық мекемелерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдердегi өкiлдiктерiнiң өрт қауiпсiздiгiмен қамтамасыз етiлуiн бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттiк инспекторлар жүргiзiлген мемлекеттiк бақылаудың нәтижелерi бойынша өрт қауiпсiздiгi саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары талаптарының анықталған бұзушылықтарына қарай мынадай актiлер:

1) тексеру жүргiзу нәтижелерi бойынша акт;

2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама;

3) өрт қауiпсiздiгi саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентi жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулыларының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама;

4) өрт қауiпсiздiгi саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентi жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулыларының талаптары бұзылған жағдайда кiнәлi тұлғаларды әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту туралы қаулы шығарады.

5. Дара кәсiпкерлердiң және заңды тұлғалардың өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормаларды, қағидаларды, техникалық регламенттердi және ұлттық стандарттарды сақтауы бақылануға жатады.

Ескерту. 9-5-баппен толықтырылды - ҚР 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), өзгерiс енгiзiлдi - 2006.12.29 № 209, 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.06.28 № 295-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...9-3 9-4 9-5 9-6 10 ...32 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 9-5-бап Өрт қауiпсiздiгi туралы