Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Кәсiптiк одақтар туралы

Кәсiптiк одақтар туралы
12-бап. Еңбек ұжымдарының құқықтары мен мүдделерiн қорғау



Ст. 12 Кәсiптiк одақтар туралы



Кәсiподақ еңбек ұжымының тапсыруымен өз органы арқылы жұмыс берушiмен ұжымдық шарт жасасу кезiнде оның өкiлi болып, оның орындалуына бақылау жасай алады, сотқа еңбек ұжымының және оның жекелеген мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғауға бағытталған талаптар қояды, еңбек ұжымының құқықтарын жүзеге асыруға және оларды қорғауға байланысты басқа да iс-әрекеттi жүзеге асырады.

Кәсiпорынның, оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң таратылуы немесе әкiмшiлiктiң, меншiк иесiнiң бастамасымен меншiк және пайдалану түрлерiнiң өзгертiлуi, өндiрiстiң толық немесе iшiнара тоқтатылуы жұмыс орындарын қысқартуға, сондай-ақ еңбек жағдайларын нашарлатуға әкеп соқтыратын болса, олар тиiстi кәсiподақтарға кемiнде екi ай бұрын алдын-ала хабарлап, олармен қызметкерлердiң құқықтары мен мүдделерiн сақтау жөнiнде келiссөз жүргiзiлген жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.

Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.05.15. N 253 Заңымен.

Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...24 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 12-бап Кәсiптiк одақтар туралы