Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 30 Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.03.2024

Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
30-бап. Баланың құқықтарын қорғау жөніндегi функцияны жүзеге асыратын ұйымдар

1. Туғаннан үш жасқа дейінгі жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғаннан төрт жасқа дейінгі психикалық және физикалық дамуы бұзылған балаларға арналған, баладан бас тарту қаупі бар отбасыларды психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарына туғаннан үш (төрт) жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады. Туғаннан үш жасқа дейінгі жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғаннан төрт жасқа дейінгі психикалық және физикалық дамуы бұзылған балаларға арналған, баладан бас тарту қаупі бар отбасыларды психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарында балаларды уақытша бағып-күту үшін арнаулы бөлімшелер ашылады. 

Арнаулы бiлiм беру ұйымдарына он бiр жастан он сегiз жасқа дейiнгi девиантты мiнез-құлықты балалар орналастырылады. 

Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына он бір жастан он сегіз жасқа дейінгі, тәрбиелеудің, оқытудың ерекше жағдайларын қажет ететін және арнаулы педагогикалық тәсілді талап ететін балалар орналастырылады. 

Отбасы үлгісіндегі балалар ауылын, жасөспірімдер үйін және кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығын қоспағанда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарына үш жастан он сегіз жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады. 

Жалпы үлгiдегi жалпы білiм беретiн мектеп-интернатқа жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ табысы аз және көп балалы отбасылардың алты жастан он сегiз жасқа дейiнгi, осы үлгiдегi ұйымдарда күтіп-бағуға медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ балалар қабылданады. 

Медициналық-әлеуметтік мекемеге (ұйымға) күтімге, медициналық, тұрмыстық қызмет көрсетуге және әлеуметтік-еңбекке бейімдеуге мұқтаж, төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар қабылданады. 

Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылына он сегiз жасқа дейiнгi жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады. Балаларды отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдарына қабылдау тәртібі мен оларды күтiп-бағу шарттары Қазақстан Республикасының отбасы үлгісіндегі балалар ауылдары және жасөспірімдер үйлері туралы заңнамасында айқындалады. 

Жасөспірімдер үйінде балалар ауылы, балалар үйі, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат әкімшілігінің шешімі негізінде, психоневрологиялық аурулары бар адамдарды қоспағанда, он алты жастан жиырма үш жасқа дейінгі балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері әлеуметтік бейімдеуден өте алады. 

Дербес заңды тұлға ретінде жұмыс істейтін Жасөспірімдер үйінде жергілікті атқарушы органдардың шешімі негізінде, психоневрологиялық аурулары бар адамдарды қоспағанда, он алты жастан жиырма үш жасқа дейінгі балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері әлеуметтік бейімдеуден өте алады. 

Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтарына ата-анасын немесе басқа да заңды өкілдерін анықтау және оларға беру үшін үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған балалар, уақтылы орналастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған балалар, өміріне немесе денсаулығына тікелей қатер төнген кезде қорғаншылық және қамқоршылық органы ата-анасынан (олардың біреуінен) немесе оларды қамқорлығына алған басқа да адамдардан алып қойған балалар, арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін балалар, сондай-ақ әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау салдарынан арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балалар қабылданады.  

Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарына үш жастан он сегіз жасқа дейінгі, арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балалар қабылданады. 

"Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылған көмек көрсету жөніндегі ұйымдарға әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау салдарынан арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балалар қабылданады. 

2. Баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға балаларды қабылдау және оларды күтiп-бағу талаптары, осы Заңмен белгiленбеген бөлiгiнде, Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген орган бекiткен осы ұйымдар туралы ережемен айқындалады. 

3. Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуына байланысты құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы қолданылмайды. 

Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу қағидаларын Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайды. 

Ескерту. 30-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.29 № 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.12.26 № 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 18.02.2014 № 175-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 501-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2019 № 240-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.05.2022 № 118-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-тарау. Мүгедектігі бар баланың құқықтары


Ескерту. 6-тарау жаңа редакцияда - ҚР 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
31-бап. Мүгедектігі бар баланың толыққанды өмірге құқықтары 

1. Мүгедектігі бар баланың өз қадір-қасиетін қамтамасыз ететін, қоғам өміріне белсене араласуына ықпал ететін жағдайдағы толыққанды өмірге дені сау балалармен бірдей құқықтары бар. 

2. Мүгедектігі бар бала өзінің дене бітіміне, ақыл-ес қабілетіне және тілегіне сай білім алуға, қызмет түрі мен кәсіпті таңдауға, шығармашылық және қоғамдық қызметке қатысуға құқылы. 

3. Ақыл-есінің немесе дене бітімінің дамуында кемістігі бар балаларды қоса алғанда, мүгедектігі бар балалардың ата-анасының (заңды өкілдерінің), сондай-ақ бала мен отбасының жеке талаптарына сәйкес әлеуметтік қызметкердің және басқа да мамандардың басшылығымен жасалған баланың жеке даму жоспарына сай медициналық-әлеуметтік көмек алуға құқығы бар. 
32-бап. Мүгедектігі бар баланы жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер 

1. Мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүгедектігі бар баланың денсаулық жағдайын, қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, оны оқытуға, кәсіптік даярлауға, лайықты жұмысты таңдап беруге және жұмысқа орналастыруға қажетті жағдайлар жасауға міндетті. 

2. Мүгедектігі бар балалардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, оларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында жеңілдіктер белгіленуі мүмкін.  
33-бап. Мүгедектігі бар балаларға мемлекеттік көмек 

1. Мемлекет мүгедектігі бар балаларды қолдауға бағытталған медициналық, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық шаралар кешенін жүзеге асырады. 

2. Мүгедектігі бар балаларға көрсетілетін мемлекеттік көмек Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді. 

3. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған және оның күтімін жүзеге асыратын ата-ананың және басқа да заңды өкілдердің мемлекеттік көмек алуға құқығы бар.  

7-тарау. БАЛА ЖӘНЕ ҚОҒАМ

Статья 1 ...28‑1 29 30 31 32 ...53

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Азамат Ергалиев төтенше және радиациялық қауіпі ең жоғарғы аймақта 1953жылдан 1959 жылға дейін тұрған. Заңға сәйкес Ергалиевқа неше жастан бастап зейнетақыға шығуға құқығы бар? Қай Заңға сәйкес?

Помогите пожалуйста


Вахталық әдіспен еңбек ететін жұмыскерлердің жұмыс уақыты ҚР заңнамасына сәйкес, аптасына неше сағаттан аспауы керек екенін айтып жібересіз бе? Рахмет


Добрый день !

Подскажите пожалуйста что можно будет сделать? У застройщика ЖК вышло постановление Кодекс РК Об административных правонарушениях

Статья 319. Незаконное строительство и отделался штрафом 100 тыс тенге

Я приобрёл квартиру согласно договора предварительного бронирования у данного застройщика 6 месяцев назад, дом по той или иной причине не сдается в эксплуатацию

Пишу претензию о возврате средств с убыткам и расходами по сьемной квартире

Спасибо !


Добрый день вы договор с другом подписали или заверили нотариусом ваши документы что после завершения строительство вы отдаете половину участка


"у меня такой вопрос: покупатель или блогер у продавца требует показать санитарную книжку, должен ли продавец показывать санкнижку? а покупатель имеет ли права"

Привет, я юрист автоматизатор, вот что ответил моя программа:

По законодательству Республики Казахстан, санитарная книжка является одним из документов, которые могут потребоваться при совершении сделок купли-продажи, особенно если речь идет о продуктах питания или других товарах, требующих соблюдения санитарных норм и правил. Продавец обязан предоставить покупателю все необходимые документы, включая санитарную книжку, если это требуется законодательством или является обычной практикой в данной сфере бизнеса.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться