Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
31-бап. Мүгедек баланың толымды өмiрге құқықтары

Ст. 31 Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Мүгедек баланың қоғам өмiрiне белсене араласуына ықпал ететiн өз қадiр-қасиетiн қамтамасыз ету жағдайындағы толымды өмiрге денi сау балалармен бiрдей құқығы бар.  

2. Мүгедек бала өзiнің дене бiтiмiне, ақыл-ес қабiлетiне және тiлегiне сай бiлiм алуға, қызмет түрi мен кәсiптi таңдауға, шығармашылық және қоғамдық қызметтерге қатысуға құқылы.  

3. Ақыл-есiнiң немесе дене бiтiмiнiң дамуында кемiстiгi бар балаларды қоса алғанда, мүгедек балалар мамандандырылған балалар ұйымдарында медициналық-әлеуметтiк көмек алуға құқылы.
Статья 1 ...29 30 31 32 33 ...53

Перейти к статье






Добавить комментарий к 31-бап Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345