Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
39-бап. Баланы оның денсаулығына, имандылық және рухани жағынан дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау



Ст. 39 Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345



Ескерту. 39-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Балаларға арнап нәсілдiк, ұлттық, әлеуметтiк және дiни өшпендiлiктi өршiтуге бағытталған, тектiк-топтық ерекшелiктi, соғысты насихаттайтын, конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге және Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзуға шақыратын үндеулерi, порнографиясы бар немесе баланың рухани және имандылық жағынан дамуына өзгеше зиян келтiретiн ойыншықтарды, кинофильмдердi, дыбыс- және бейнежазбаларды көрсетудi, сатуды, сыйға тартуды, көбейтудi және прокатқа берудi жүзеге асыруға, әдебиеттердi, газеттердi, журналдарды және басқа бұқаралық ақпарат құралдарын таратуға тыйым салынады. 

Ескерту. 39-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2. Осы баптың 1-тармағында аталған әрекеттердiң жасалғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылық шаралары қолданылады.

Статья 1 ...37 38 39 40 40-1 ...53 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 39-бап Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345