Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
47-7-бап. Алдын ала болудың түрлері мен кезеңділігі



Ст. 47-7 Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345



1. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болуы мыналарға бөлінеді: 

1) төрт жылда кемінде бір рет, ұдайы негізде жүргізілетін кезеңдік алдын ала болу; 

2) алдыңғы кезеңдік алдын ала болу нәтижелері бойынша ұсынымдарды іске асыру мониторингі, сондай-ақ ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары әңгімелесулер өткізген адамдарды алдын ала болуға жататын ұйымдардың әкімшіліктері тарапынан қудалаудың алдын алу мақсатында кезеңдік алдын ала болулар аралығындағы кезеңде жүргізілетін аралық алдын ала болу; 

3) азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы келіп түскен хабарламалардың негізінде жүргізілетін арнаулы алдын ала болу. 

2. Үйлестіру кеңесі бөлінген бюджет қаражаты шегінде алдын ала болу мерзімдерін және алдын ала болуға жататын ұйымдардың тізбесін айқындайды. 

Ескерту. Заң 47-7-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2013 № 111-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...47-5 47-6 47-7 47-8 47-9 ...53 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 47-7-бап Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345