Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы

Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
52-бап. Баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау



Ст. 52 Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345



1. Баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған және оны уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырады.  

2. Жеке және заңды тұлғалардың баланың құқықтарын іске асыруға бағытталған қызметі баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау объектісі болып табылады.  

3. Баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.  

4. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады. 

Ескерту. 52-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17. № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...50 51 52 53 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 52-бап Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345