Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
8-бап. Баланың денсаулық сақтауға құқығы



Ст. 8 Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345



1. Әрбiр баланың денсаулық сақтауға бұлжымас құқығы бар.  

2. Мемлекет денi сау бала тууды қамтамасыз ету үшiн ананың денсаулығын сақтау жөнiнде жағдайлар жасайды.  

3. Баланың денсаулық сақтауға құқығы:  

1) баланың денсаулығын сақтау саласында Қазақстан Республикасының заңдарын қабылдау;  

2) балалардың салауатты өмiр салтын насихаттау және ынталандыру;  

3) балалардың денсаулығын сақтау саласындағы ғылыми зерттеулердi мемлекеттiк қолдау;  

4) баланың, оның ата-анасының денсаулық жағдайына бақылау жасау және балалар ауруларының алдын алу;  

5) бiлiктi медициналық көмек көрсету;  

6) баланың денi сау болып өсiп жетiлуiне қажеттi қолайлы қоршаған орта жасау;  

7) балалар үшiн сапасы тиiстi деңгейдегі тағам өнiмдерiнің өндiрiлуiне және сатылуына бақылау жасау арқылы қамтамасыз етiледi.  

4. Мемлекет Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балаларға тегiн медициналық көмектiң көлемiне кепілдiк бередi. 

5. Баланың өмiрiне, денсаулығына және дене бітімі мен психикасының қалыпты өсiп-жетілуіне зиян келтiретiн кез келген ғылыми тәжiрибелер немесе өзге де эксперименттерге тыйым салынады.

 Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...6 7 8 9 10 ...53 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 8-бап Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345