Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы
12-бап. Республика Президентiмен қарым-қатынасы



Ст. 12 Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2688



1. Республика Үкiметi:

1) Республика Президентiн Президент тапсырмаларының орындалуы және өз қызметiнiң басқа да бағыттары туралы ұдайы хабардар етiп отырады;

2) Республика Президентi актiлерiнiң орындалуын ұйымдастырады және оларды министрлiктердiң, өзге де орталық, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың орындауын бақылауды жүзеге асырады;

3) заң жобасын Парламент Мәжiлiсiне енгiзу туралы Президенттiң тапсырмаларын орындайды;

4) мемлекеттiк бағдарламаларды Президенттiң бекiтуiне ұсынады.

2. Үкiмет Республика Президентiмен Үкiметтiң заң жобалары жөнiндегi жұмыстарының жоспарларын келiседi.

3. Республика Президентi толығымен немесе бiр бөлiгiнде Республика Үкіметі мен Премьер-Министрі актiлерiнiң күшiн жояды не тоқтата тұрады.

Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06 N 379, 2007.06.19 N 267 Конституциялық Заңдарымен.

Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...27 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2688 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 12-бап Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2688