Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы
13-бап. Республика Парламентiмен қарым-қатынасы



Ст. 13 Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2688



1. Республика Үкiметiнiң заң шығару бастамашылығы құқығы болады, ол тек қана Парламент Мәжiлiсiнде жүзеге асырылады. Заң актiсiнiң жобасын енгiзу туралы шешiм Үкiметтiң тиiстi қаулысын шығару жолымен қабылданады.

2. Республика Үкiметi:

1) Республика заңдарының орындалуын қамтамасыз етедi, оларды министрлiктердiң, басқа да орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың орындауын бақылайды;

2) Парламентке республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептi табыс етедi;

3) мемлекеттiк кiрiстi қысқартуды немесе мемлекеттiк шығысты ұлғайтуды көздейтiн Республика заңдарының жобалары жөнiнде қорытындылар бередi;

4) Парламент депутаттарының сұрауларына жауап бередi.

Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 379 Конституциялық Заңымен.

Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...27 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 13-бап Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2688