Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы
14-бап. Министрліктермен, Республика Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдармен қарым-қатынасы



Ст. 14 Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2688



Республика Үкiметi:

1) министрліктердің және Республика Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың қызметiне басшылықты жүзеге асырады, олардың Республика заңдарын, Президентi мен Үкiметi актiлерiн орындауын қамтамасыз етеді;

2) министрлердiң және өзге де орталық атқарушы органдар басшыларының ұсынуы бойынша министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдар туралы ережелердi, олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, солардың штат санының лимиттерiн бекiтедi;

3) министрліктер, Республика Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар актiлерiнiң толығымен не бiр бөлiгiнде күшiн жояды немесе тоқтата тұрады;

4) Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

5) министрлердің, Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар басшыларының ұсынуы бойынша олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; бұған Республика Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орталық атқарушы органдар басшыларының орынбасарлары енбейдi;

6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды атқарады.

Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.02.24. N 69-I Заңымен, 1999.05.06. N 379 Конституциялық Заңымен, 2004.11.24. N 604 Заңымен (өзгеріс 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2007.06.19. N 267 Конституциялық Заңымен.

Статья 1 ...12 13 14 15 16 ...27 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2688 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 14-бап Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2688