Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы
18-бап. Республика Үкiметiнiң отырыстары



Ст. 18 Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2688



1. Үкiметтiң отырыстары айына кемiнде бiр рет өткiзiлiп отырады.

2. Үкiметтiң отырыстарын Премьер-Министр не Республика Президентi шақырады.

3. Үкiметтiң отырыстарында Премьер-Министр төрағалық етедi, ол болмаған кезде мiндеттердiң бөлiнуiне сәйкес Премьер-Министрдiң мiндетiн атқаратын Премьер-Министрдiң орынбасары төрағалық етедi. Үкiмет ерекше маңызды мәселелердi қарағанда оның отырыстарында Республика Президентi төрағалық етедi.

4. Үкiмет мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi Үкiмет отырысына қатысса, отырыс құқылы болып саналады. Үкiмет мүшелерi оның отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады.

5. Үкiмет отырыстары ашық болады. Президенттiң не Премьер-Министрдiң бастамасымен Үкiметтiң жабық отырыстары өткiзiлуi мүмкiн.

6. Үкiмет отырыстарын әзiрлеу мен өткiзу тәртiбi Үкiмет Регламентiмен белгiленедi.

Статья 1 ...16 17 18 19 20 ...27 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 18-бап Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2688