Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы
20-бап. Премьер-Министрдiң орынбасарлары және Республика Үкiметiнiң өзге де мүшелерi



Ст. 20 Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2688



1. Премьер-Министрдiң орынбасарлары өз қызметiн Республиканың Премьер-Министрi белгiлейтiн мiндеттердiң бөлiнуiне сәйкес жүзеге асырады.

2. Үкімет мүшелері:

1) тиісті мемлекеттік органдарға басшылықты жүзеге асырады;

2) тиісті мемлекеттік органдардың қарауындағы мемлекеттік басқару салаларындағы (аясындағы) саясатты қалыптастырады;

3) заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;

4) өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдауда дербес болады;

5) Республика Премьер-Министрінің алдында өздеріне бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін дербес жауап береді;

6) тиісті мемлекеттік органдардың қарауындағы мемлекеттік басқару саласындағы (аясындағы) істің жайына және заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін жауапты.

Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 379, өзгерту енгізілді - 2007.06.19. N 267 Конституциялық Заңдарымен.

Статья 1 ...18 19 20 21 21-1 ...27 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 20-бап Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2688