Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы
21-1-бап. Орталық атқарушы органның жауапты хатшысы



Ст. 21-1 Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2688



1. Министрліктердің және Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың аппараттарын Республиканың Премьер-Министрімен келісім бойынша Республика Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшылар басқарады.

2. Жекелеген министрліктер мен Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарда Республика Президентінің шешімімен жауапты хатшы қызметі енгізілмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда осы Конституциялық заңда көзделген жауапты хатшы өкілеттіктерін
министрліктің немесе Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органның Республика Президенті айқындайтын лауазымды адамы жүзеге асырады.

3. Үкіметтің, министрдің, Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган басшысының орнынан түсуі жауапты хатшылардың өкілеттігін тоқтатуға әкеп соқпайды.

4. Министрліктің және Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органның жауапты хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктерін Республика Президенті белгілейді.

5. Жауапты хатшы өз қызметін жүзеге асыру кезінде Республика Президентіне, Премьер-Министрге және министрге (Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган басшысына) есеп береді.

Ескерту. 21-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.06.19. N 267 Конституциялық Заңымен.

Статья 1 ...20 21 21-1 22 23 ...27 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 21-1-бап Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2688