Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы
23-бап. Үкiметтің құрамына кірмейтiн орталық атқарушы орган



Ст. 23 Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2688



1. Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органды Республика Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша Республика Президенті құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.

Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады.

2. Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) – басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асырады.

3. Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органның құрылымын жауапты хатшы бекітеді және ол, әдетте, департаменттер мен басқармалардан тұрады.

Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органның департаменттері мен басқармаларының жиынтығы Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органның аппараты болып табылады.

4. Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган басшысының жанынан консультациялық-кеңесші орган болып табылатын алқа құрылады. Алқаның сандық және дербес құрамын Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органның басшысы бекітеді.

5. Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган басшысының бұйрықтары Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органның актілері болып табылады.

Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 238-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...21-1 22 23 24 25 ...27 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 23-бап Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2688