Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы
5-бап. Республика Үкiметiнiң орнынан түсуi



Ст. 5 Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2688



1. Егер өздерiне жүктелген функцияларды одан әрi жүзеге асыру мүмкiн емес деп санайтын болса, Үкiмет және оның кез-келген мүшесi Республика Президентiне өзiнiң орнынан түсуi туралы мәлiмдеуге хақылы. Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған Үкiмет мүшелерi де орнынан түседi.

2. Республика Конституциясында көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісі немесе Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiретiн болса, Үкiмет өзiнiң орнынан түсуi туралы Республика Президентiне мәлiмдейдi. Республика Президентi орнынан түсудi қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселенi он күн мерзiмде қарайды.

3. Орнынан түсудi қабылдау Үкiметтiң немесе оның тиiстi мүшесiнiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Премьер-Министрдiң орнынан түсуiн қабылдау бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi.

4. Үкiметтiң немесе оның мүшесiнiң орнынан түсуi қабылданбаған ретте, Президент оған өз мiндеттерiн одан әрi жүзеге асыра берудi тапсырады.

Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 379, 2007.06.19. N 267 Конституциялық Заңдарымен.

Статья 1 ...3-1 4 5 6 7 ...27 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 5-бап Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2688