Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 9 Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2688


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы
9-бап. Республика Үкiметiнiң құзыретi

Республика Үкіметі: 

1) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, кауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады; 

2) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 222-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен;

3) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын мақұлдайды; 

4) Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөніндегі шараларды тұжырымдайды; 

5) Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді; 

5-1) Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды; 

5-2) Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жүйесін айқындайды; 

5-3) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну тәртібін айқындайды; 

6) Республиканың қаржы жүйесін нығайту жөніндегі шараларды әзірлейді және жүзеге асырады; мемлекеттік валюта, қаржы ресурстары мен материалдық ресурстарды жасақтау және пайдалану кезінде заңдылықтың сақталуын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді; 

7) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 222-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен;

8) мемлекеттік баға белгілеу саясатын тұжырымдайды; мемлекет реттейтін бағалар қолданылатын өнімдер, тауарлар және көрсетілетін қызметтер номенклатурасын белгілейді; 

9) мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады, оны пайдалану жөніндегі шараларды тұжырымдайды және жүзеге асырады, мемлекеттік меншік құқығын қорғауды қамтамасыз етеді; 

10) еңбекке ақы төлеу, азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік сақтандыру жүйесін және шарттарын қалыптастырады; 

10-1) Республика Президентiмен келісу бойынша мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қаржыландырудың және қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітеді; 

11) мемлекеттік өңірлік саясаттың негізгі бағыттарын тұжырымдайды; өңіраралық проблемалар мен өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді; 

12) ғылым мен техниканы дамыту, жаңа технологияларды енгізу жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастырады; 

13) табиғи ресурстар мен қоршаған табиғи ортаны ұтымды пайдалануды және қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және жүзеге асырады; 

14) құқықтық саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін, Республиканың қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін, Республиканың аумақтық тұтастығын және мемлекеттік шекараларының күзетілуін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлейді және іске асырады; 

15) келіссөздер жүргізу және үкіметаралық келісімдерге қол қою туралы шешімдер қабылдайды; Республиканың шет мемлекеттермен, халықаралық және өңірлік ұйымдармен өзара қарым-қатынасын дамытуды қамтамасыз етеді; сыртқы экономикалық саясатты іске асыру жөніндегі шараларды тұжырымдайды; сыртқы сауданы дамыту жөнінде шаралар қолданады; халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықты және өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады; 

16) өзіне Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды. 

Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 № 238-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 85-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 222-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...27

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться