Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 82 Құқық қорғау қызметi туралы 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Құқық қорғау қызметi туралы
82-бап. Құқық қорғау органдарында қызмет етудiң шектi жасы

1. Құқық қорғау органдарында қызметте мынадай шектi жасқа:

1) қоса алғанда майорға, кiшi кеңесшiге дейiн – қырық сегіз жасқа;

2) подполковниктер, кеңесшiлер – елу жасқа;

3) полковниктер, аға кеңесшiлер – елу бес жасқа;

4) жоғары басшы құрамдағы адамдар алпыс жасқа дейiн бола алады.

1-1. Алып тасталды – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Лауазымдарға тағайындау құқығы берiлген құқық қорғау органының басшысы немесе уәкiлеттi басшы жоғары кәсiптiк даярлығы, атқаратын лауазымы бойынша жұмыс тәжiрибесi бар және денсаулық жағдайы бойынша қызметтi өткеруге жарамды қызметкерлерге олардың келiсуiмен қызмет мерзiмiн бір жылдан бес жылға дейiн ұзартады.

Айрықша жағдайларда, тиiстi лауазымдарға тағайындау құқығы бар құқық қорғау органы басшысының немесе уәкiлеттi басшының шешiмi бойынша қызметкерлерге бұл мерзiм сол тәртiппен бір жылдан бес жылға дейiн, ал ғылыми дәрежелерi немесе атақтары бар жекелеген қызметкерлерге – бес жылдан он жылға дейiн қайта ұзартылуы мүмкiн.

Қызметте қалдыру мерзiмiн ұзарту туралы шешiм қызметкердi осы Заңда көзделген негiздер бойынша құқық қорғау органдарынан шығару мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Қызметте болудың шекті жасына толған, денсаулық жағдайы бойынша қызмет өткеруге жарамды прокуратура органдарының қызметкері Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе уәкілетті басшының шешімі бойынша "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін қызметін жалғастыруға құқылы.

Бұл ретте зейнеткерлік жасқа толғанға дейін қызметте қалдыру мерзімін ұзарту туралы шешім қызметкерді осы Заңда көзделген негіздер бойынша прокуратура органдарынан шығару мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.

Ескерту. 82-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.05.2013 № 93-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
12-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Статья 1 ...80 81 82 83 84 85

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться