Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы

Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар



Ст. 1 Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы 2001 жылғы 29 маусымдағы N 217



Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) бюллетень - интегралдық микросхемалар топологияларын қорғау мәселелерi жөнiндегi ресми мерзiмдi басылым;

2) интегралдық микросхема - электрондық схема функцияларды орындауға арналған түпкiлiктi немесе аралық нысандағы микроэлектронды бұйым, оның элементтерi мен байланыстары бұйым дайындалғанда негiзге алынған материалдың көлемiнде және (немесе) бетiнде бөлiнбейтiн етiп қалыптастырылады;

3) интегралдық микросхема топологиясы (бұдан әрi - топология) - интегралдық микросхеманың элементтерi мен олардың арасындағы байланыстар жиынтығының материалдық жеткізгіште тiркелген кеңiстiктiк-геометриялық орналасуы;

4) құқық иеленушi - автор, оның мұрагерi, сондай-ақ заңға немесе шартқа байланысты алынған айрықша құқықты иеленушi кез келген жеке немесе заңды тұлға;

5) лицензиялық шарт - ол бойынша құқық иеленушi (лицензиар) басқа тарапқа (лицензиатқа) топологияны белгiлi бiр әдiспен уақытша пайдалануға құқық беретін шарт;

6) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi орган алдында жеке және заңды тұлғалардың өкiлдiк ету құқығы берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары;

7) топологияға айрықша құқық - құқық иеленушiнiң топологияны өз қалауы бойынша кез келген әдiспен пайдалануға мүліктік құқығы;

8) топологияны пайдалану - егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, топологияны, осы топологиямен бiрге интегралдық микросхеманы немесе осындай интегралдық микросхеманы қамтитын бұйымды қолдану, әкелу, сатуға ұсыну, сату немесе азаматтық айналымға коммерциялық мақсаттарда жүзеге асырылатын өзгедей енгiзу;

9) уәкiлеттi орган - өз өкілеттіктері шегінде интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 2 3 ...16 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 1-бап Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы 2001 жылғы 29 маусымдағы N 217