Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 11 Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы 2001 жылғы 29 маусымдағы N 217


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы
11-бап. Топологияны тiркеу

1. Топология авторы немесе өзге де құқық иеленушi сараптама ұйымына тiркеуге өтiнiм беру жолымен топологияны тiркеуге құқылы. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1-тармақтың екінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Топологияны тiркеу туралы өтiнiм және оған қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тiлдерiнде ұсынылады. Көрсетілген құжаттар басқа тiлде ұсынылған жағдайда, сараптама ұйымы өтінімге қоса берілетін құжаттардағы мәліметтердің аудармасын талап етуге құқылы. Аударма өтiнiммен бiр мезгiлде немесе өтiнiм келiп түскен күннен бастап екi айдан кешiктiрiлмей ұсынылуға тиiс. 

2. Егер топология бұрын пайдаланылса, тiркеуге өтiнiм беру ол алғаш пайдаланылған күннен бастап екi жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асырылуы мүмкiн.  

3. Тiркеуге өтiнiм бiр топологияға қатысты болуға тиiс және онда:  

1) тiркеудi сұраған автор мен тұлғалар аты, сондай-ақ олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi, егер топология бұрын пайдаланылса, ол алғаш пайдаланылған күн көрсетiлген топологияны тiркеуге өтiнiш;  

2) рефератты қоса алғанда, топологияны нақтылайтын материалдар;  

3) егер тiркеуге өтiнiм өкiл арқылы берiлсе, сенiмхат болуға тиiс.  

4) <*>  

Тiркеуге өтiнiмдi жасау мен ресiмдеуге қойылатын талаптарды уәкiлеттi орган белгiлейдi.  

4. Топологияны тіркеу туралы келіп түскен өтінім бойынша сараптама жүргізіледі.  

Сараптаманың оң нәтижесі болған кезде топологияны Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу жүзеге асырылады және тiркеу туралы куәлiк беріледi. 

Өтінім беруші тіркеуге дейін өтінім материалдарын толықтыруға, нақтылауға және түзетуге құқылы.  

Құқық иеленушi болып табылмайтын топология авторына сараптама ұйымы автор куәлiгін бередi. 

5. Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген мәлiметтер дұрыс емес деп дәлелденбейiнше дұрыс деп есептеледi.  

Аталған мәлiметтердiң дұрыстығы үшiн өтiнiш берушi жауапты болады.  

6. Алып тасталды - ҚР 20.06.2018 № 161-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09 N 586, 2005.11.22. N 90 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
12-бап. Ескерту таңбасы  

Құқық иеленушiнiң өз құқықтары туралы хабарлау үшiн топологияны қамтитын бұйымдарда айшықталған Т бас әрпi, топологияға айрықша құқық қолданылатын мерзiмнiң басталған күнi және құқық иеленушiнi айқындауға мүмкiндiк беретiн ақпарат түрiндегi ескерту таңбасын пайдалануға құқығы бар.
Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...16

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться