Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 15 Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы 2001 жылғы 29 маусымдағы N 217


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы
15-бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдер

1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жоғары бiлiмi және кемінде төрт жыл еңбек өтілі бар, аттестаттаудан өткен және патенттiк сенiм білдірілген өкiлдердің тізілімінде тіркелген Қазақстан Республикасының әрекетке қабiлеттi азаматы патенттiк сенiм білдірілген өкiл болуға құқылы. 

Патенттiк сенiм білдірілген өкiлдер тізілімінде тіркеу кандидат берілген патенттiк сенiм білдірілген өкiлдің куәлігімен расталатын аттестаттаудан өткен кезде жүзеге асырылады.  

Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттау Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік объектілерін қорғау саласындағы заңнамасын білуіне тестілеу нысанында жүзеге асырылады.  

Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзгерістер енгізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды. 

Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімі уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылады. 

2. Патенттік сенiм білдірілген өкiлдерге кандидаттар аттестаттауына: 

1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға тыйым салынған адамдар; 

2) уәкілетті органның және оның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қызметкерлерi, сондай-ақ олардың жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) болып табылатын адамдар; 

3) қылмыс жасағаны үшін заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар; 

4) осы Заңға сәйкес патенттiк сенiм білдірілген өкiлдердің тiзiлiмінен шығарылған адамдар жiберiлмейдi. 

3. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің қызметі аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешімімен: 

1) патенттік сенім білдірілген өкілдің аттестаттау комиссиясына берген өтініші негізінде; 

2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынатын адамдарға, оның ішінде уәкілетті органның және оның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қызметкерлеріне жатқызу кезеңіне; 

3) осы Заңның 15-2-бабы 1-тармағының 2) және 6) тармақшаларында және 5-тармағында көзделген мән-жайларды анықтау мақсатында тоқтатыла тұрады. 

Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда патенттік сенiм білдірілген өкілдің қызметі аттестаттау комиссиясы үш ай ішінде тиісті шешім қабылдағанға дейін тоқтатыла тұрады. 

Патенттік сенiм білдірілген өкілдің қызметін тоқтата тұруға негіз болған себептер жойылған жағдайда, оның қызметі аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешімімен қайта жалғастырылады. 

4. Патенттік сенiм білдірілген өкіл өтiнiш берушiнің немесе патент иеленушiнің өкілі ретінде уәкiлеттi органмен iс жүргiзуге байланысты қызметті жүзеге асырады. Уәкiлеттi органмен iс жүргiзудi, сондай-ақ өтініш беруші және (немесе) құқық иеленуші дербес жүзеге асыруы мүмкін. 

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдiк заңды тұлғалар уәкiлеттi органда патенттiк сенiм білдірілген өкiлдер арқылы өздерінің өтiнiш берушi ретіндегі құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлға ретіндегі құқықтарын жүзеге асырады. 

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бiрақ уақытша одан тыс жерде жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегiнде хат-хабар алмасу үшiн мекенжайларын көрсеткен кезде патенттiк сенiм білдірілген өкiлсiз-ақ өтiнiш берушi ретіндегі құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлға ретіндегі құқықтарын жүзеге асыра алады. 

5. Патенттiк сенiм білдірілген өкiл сенiм бiлдiрушiден оның тапсырмасын орындауға байланысты алатын ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде құпиялы ақпаратқа немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияға қойылатын талаптарды сақтаған кезде құпиялы болып танылады. 

Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

15-1-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...13 14 15 15‑1 15‑2 16

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться